Осы мақсатта көрші елден келген медицина мамандары бүгін қаладағы оңалту орталықтарының жұмыстарымен танысып, екі жақты меморандумға қол қойды.
Өзбекстан Республикасы Республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының мамандары қаладағы №1 оңалту орталығы мен №2 оңалту орталығында болды.
Аталған орталықтарда 18 жасқа дейінгі балаларға ерте бастан медициналық қалпына келтіру және оңалту емдері жүргізіледі.
Шымкент қаласындағы оңалту орталықтарында мультитәртіпті команда жұмыс істейді. Кешенді емдерді реабилитолог дәрігерлерімен, емдік дене шынықтыру нұсқаушыларымен, эрготерапевтермен, психологтармен, логопедтермен, дефектологтармен, әлеуметтік педагогтармен, сондай-ақ түзету педагогтарымен, ойын терапевттерімен, музыка терапевттерімен, монтессори-терапия мамандары жүргізеді.
Жиын соңында Өзбекстан Республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-тәжірибелік медицина орталығынының басшылығы мен Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №1 оңалту орталығының бас дәрігері Н.Тоқбергенов ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум өзара кәсіби және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ медициналық туризм саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік бермек.
Сирожиддин Холмуминов Өзбекстан Республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының өкілі «Шымкентте келген мақсатымыз осындағы оңалту орталықтағындағы мамандармен іскерліс байланысты нығайтып, тәжірибе жинақтау. Осы мақсатта №1 оңалту орталығының басшылығымен меморандумға қол қойдық. Екі жақты келісім арқасында бір бірімізден үйренеміз көп болары сөзсіз”.
Қызмет ақпарат
(1611)
Leave a Reply