САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ САЛТАНАТЫН КӨРГІҢІЗ КЕЛСЕ…

Міндетті түрде Шымкентке келіңіз. Негі деген сауал туындауы заңдылық. Егер, оңтүстікте қазақылықтың қаймаңы бұзылмаған дер болсақ, олай емес Ақтауда барып көріңіз қазақылықты дейтіндер шығады. Бұл да шындық. Салт-дәстүрді Қазақстанның барлық аумағы қал –қадірінше сақтап келеді, бірақ соған қарамастан салт-дәстүр орталығы бір ғана Шымкентте бар.

Аталған орталыққа келушілердің аяғы бір сетке үзілген емес.  Қонақтар, мектептер, бала бақшалар. Бәрінің тәрбиеленушілері салт-дүстүрмен танысқысы келеді. Соның ішінде әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығынада бармен  тереңдеп танысу мақсатында қала мектептері оқушыларының жиі келуі дәстүрге айналған.

Жуырда орталыққа қаладағы Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы орта мектептің 4-сынып оқушылары, сынып жетекшілері бастап,  ат басын бұрды. Оларға арнайы экскурсия жүргізген орталық мамандары «Ұлттық салт-дәстүр» және «Қол өнер» залдарын таныстырды. Халқымыздың қасиетті де киелі саналған киіз үй жабдықтарын, түрлі жәдігерлер, бесік, сандық, саз аспаптары мен тұрмыстық және қолөнер бұйымдарының шығу тарихы мен қолданысынан мәлімет берді. Балалар ір затқа зер салып, жәдігер дүниелерді асқан қызығушылықпен тамашалады.

Сондай-ақ «Арқан тартыс», «Бес тас», «Асық ату» ойындарына белсене қатысты. Бұл оқушылардың ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылықтары оята түсті.

Салт дәстүрге саяхат жасаған оқушылар арнайы жабдықталған залда «Түркістан» мультфильмін тамашалап, ерекше әсерге бөленді.

Жалпы әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының негізгі басты мақсаты да жас ұрпаққа ұмыт бола бастаған төл мәдениетімізді, жөн-жоралғыларымызды кеңінен насихаттау болып табылады.

Бес тас қандай ойын?

«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Бұл жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалақ тас.

Ойынның ережесі

Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады.

Бұл ойынды ойнаушылар бүгінде халық арасында көбейіп отыр.

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика