ОҚМПУ бағындырар белес алда

Отандық ғылымның орнықты дамуы мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық міндеттердің бірі екені айқын. Бүгінде елімізде ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты табысты іске асыру үшін Президент жанынан Ғылым мен технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып жұмыс істеп тұр.

Биыл «Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленіп, бекітілді. Осы құжатта басым бағыттардың негізгісі ретінде  отандық ғалымдар санын арттыру, ғылыми экожүйені нығайту, ғылымның экономикадағы үлесін арттыру, университеттік ғылымды дамыту, ғылымды басқарудың тетіктерін жетілдіру айқындалған.

Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен жылы ғылымды қолдауға 200 миллион теңгеге жуық қаржы бағытталды. Ғылым саласын гранттық қаржыландыру аясында 6 жоба іске асырылып, оның 3-уі «Жас ғалым» бағытына арналды.

Ал, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға 13 жоба ұсынылды.

Университетте соңғы екі жылда 90-нан астам мақала халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланса, 20 әдеби туынды авторлық куәлік иеленді.

5 оқытушы-профессорымыз «Болашақ» стипендиясының иегері санатында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын университетішілік қаржыландыру шеңберінде 8,5 млн. теңгеге 8 жоба іріктеліп, іске асырылуда. Биылғы жылы бұл бағытқа қаралған қаржы 13,5 млн. теңгеге жетті.

Әріптестеріміздің ішінен 1 адам салалық министрліктің «Ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия» иегері атанса, 2 адам – жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері болып танылды. 2021-2022 жылдары 3 әріптесіміз «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы қатарынан көрінді. Профессор Н.С.Иманбаев Scopus-тағы Хирш индексіне сәйкес үздік ғалымдардың рейтингінде 693 орынға ие болды, дейді  жоғары оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірәлиева.

Соңғы үш жыл көлемінде ОҚМПУ базасында 6 – халықаралық, 4 – республикалық ғылыми конференция өтіп, осы кезеңде 74 студент халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған.

Өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында Тәжікстанның Худжанд мемлекеттік университеті, ҚР Мемлекеттік орталық музейі, «Қазақстан халқына» және «Kemel Bolashaq» қорларымен әріптестік байланыстар орнатылған.

Қызмет ақпарат

(2000)

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика