Тәуелсіз Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарына еніп, өзіндік қолтаңбасымен дараланып, ешкімге ұқсамас өрнектерімен айшықталып, ерекшеленіп келеді. Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты, қоғамдық деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің белгісі ретіндегі адами ресурстардың білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім – әлемдегі өркениеті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Анығында, елдер тек тауарлар мен қызметтерді өндіре отырып бәсекеге түспейді, сонымен қатар олар қоғамдық құндылықтар жүйесімен, сондай-ақ білім беру жүйесі арқылы да бәсекелеседі.
ХХІ ғасыр – ақпараттық құндылықтар мен технологиялардың ғасыры және осы құндылықтар мен адамдар арасындағы тығыз байланыстың көрінісі, осы негізге сүйенсек, білім — адам және ақпарат қорын қалыптастырудағы негізгі көрсеткіш болып табылады. Сондықтан білімнің жаңа ғасырдағы мәні оның жеке тұлға тағдырындағы мәнділігімен жеке мемлекеттің қауіпсіздігін әлеуметтік, рухани, мәдени өрлеу арқылы қамтамасыз етумен және жалпы адамзаттың өркендеуіне ықпал етуімен сипатталады. Білім беруге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның мазмұны мен сапасы да жаңаша пайымдалуда. Яғни, қазір Қазақстанда орта білім беру саласында көптеген реформалар мен өзгерістер болып жатыр.
Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының” жылдық жоспарына сәйкес, республикалық маңызы бар 13 іс-шаралардың өткізу кестесі бойынша жалпы білім беру мекемелерінің білім алушылардың болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін, мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында “Мамандықтар әлемін ашамыз” форумының қалалық іріктеу кезеңі «Оқушылар сарайы» базасында өтті. Форумға жалпы орта білім беру мекемелерден барлығы 200 оқушы қатысты.
Форум 4 номинация бойынша өткізілді.
Республикалық кезеңге жолдама алған оқушылар:
«Менің кәсібім — менің бизнесім» номинациясы
I орын (қазақ тілі) — Тулегенова Айнұр №132 ЖОББМ
I орын (орыс тілі) — Тәңірберген Іңкәр №137 ЖОББМ
«Мамандық тұлғасы» номинациясы
I орын (қазақ тілі) — Рахманкулова Гулзода №112 ЖОББМ
I орын (орыс тілі) — Айбекова Жания. №90 мектеп-гимназия
«Мен мамандықты таңдаймын» номинациясы
I орын (қазақ тілі) – Аманкулова Айғаным №90 мектеп-гимназиясы
I орын (орыс тілі) – Нұрлан Асылзат №90 мектеп гимназиясы
I орын (ағылшын тілі) – Серікбай Анель №137 ЖОББМ
«Болашақтың мамандығы» номинациясы
I орын (қазақ тілі) – Жанибек Ерасыл №46 мектеп-гимназиясы
I орын (қазақ тілі) – Құрбанқұл Рамазан №90 мектеп-гимназиясы
Басқа да қатысушылар мен жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңістеріңіз құтты болсын, қаламыздың жарқын болашағының жас мамандары!
Қызмет ақпарат
(2000)
Leave a Reply