Архив және болашақ ұрпақ» жобасы

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», деген есті сөзі әлі де ел жадында. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.   Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер»-дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.

Ғабит Мүсірепов.

2023 жылдың 19 сәуірінде «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ ұжымы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында  Шымкент қаласының білім басқармасының «№86 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Әбдраш Назарбекова атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Д. Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9-10 сыныптың оқушыларына өткеніміз бен өшкенімізді түгендеп, руханиятымыз бен тарихымызды құнды құндылықтармен толықтырып отырған архив мекемесінің маңыздылығы мен қоғамдағы ролі туралы мәлімет беріліп, Ресей мемлекеттік архивтерінен әкелінген өңіріміздің тарихына қатысты құнды құжаттар, еліміздің дамуына қарымды үлес қосқан дара тұлғалардың жеке тектік құжаттары, мемлекеттік сақтауда тұрған төте жазу, латын графикасындағы құнды құжаттар бойынша ұйымдастырылған көрмесімен таныстырылды.

«Архив және болашақ ұрпақ» жобаның аясында оқушыларға Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің тарихын баяндайтын бейне ролик, архив саласының қызметі туралы дайындалған «Кешегі тарихымыз-ертеңгі болашағымыз» атты деректі фильмді тамашалады. Архивтің негізгі бөлімдерінің атқаратын қызметіне, қоймаларына, архивтік құжаттарды цифрлы таңбаға көшіру барысына экскурсия жасады.

Қызмет ақпарат

(1831)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика