Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Шакеев Сәкен Сейітханұлы арнайы атбасын бұрды.

Халқымыздың дәстүрін дәріптейтін Республикадағы бірегей саналатын орталықтың жұмыс барысымен, ұлттық және қолөнер залдарындағы жәдігерлердің тарихы, қолданысы, мазмұнымен танысты.

Жиын барысында орталық басшысы Бахтияр Әбілұлы орталықтың ұйымдастыруымен өткен іс-шаралардағы жетістіктерімен қатар, өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Атап айтар болсақ, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін қаржыландыру мәселесі, мекеменің тозығы жеткен техинкалық базасын нығайту, республикалық және қалалық денгейде дәстүрлі ақындар айтысын, жыршы-жыраулар мен шайырлар байқауын және этно-фестивальдер өткізуге көмектесіп, алдағы уақытта қаржыландыруды назарға алуды ұсынды.

Өз кезегінде басқарма басшысы Сәкен Сейітханұлы да орталықты әрмен қарай дамытуда атқаратын бірқатар  жұмыстарды қозғады және өз тарапынан бірқатар ұсыныстарын білдірді. Ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді қайта жаңғырту, қалыптастыру жолында ғылыми еңбектер мен оларды жинақтау, энциклопедия жасау, ұлттық кодты шығару керектігін алға тартып, бірлесіп жұмыс жүргізетінін жеткізді. Мәселен, жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында телеарналар мен әлеуметтік желілерде (арнайы подкаст арқылы) ұлттық тағам, ұлттық ойын түрлері, ұлттық мерекелерді кеңінен насихаттау жұмыстары мен ұсыныстарымызға ықпал ететінін айтты.

Жиын соңында қызметкерлер де сұрақтарын қойып тұшымды жауап алып, өз тараптарынан алғыс-тілектерін білдірді. Орталықтың ақсақалы М.Омар ағамыз қасиетті Рамазан айында атбасын бұрған басқарманың жаңа басшысына ақ батасын берді және қызметкерлермен естелік суретке түсіп тарасты.

Қызмет ақпарат

(1538)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика