АРБОЛИТ БЛОКТАРЫ ЖАЙЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Бүгінде елімізде құрылыс жұмыстары қарқынды дамып отыр. Құрылыс материалдары да сан алуан. Шетеле асып келетіні де бар. Өзімізде өндірілетіні де бар. Отандық өнім туралы айтқанда дайын өнімдердің басым бөлімінің құрылыс заттары болып шығатыны кәсіпкерлер арасында осы бағытта ізденушілердің көп екендігін көрсетеді.

Шымкентте шығарылып жатқан арболит блоктары бүгінде жаңа өніңм болып көрінгеніңмен тарыхы сонау кеңес дәуірінен басталады.

Еліміздің үшінші мегаполисінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы  шеңберінде  мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жаңадан ісін бастап жатқан кәсіпкерлер баршылық қана емес, көпшілік десе де болғандай. Жалпы елімізде азаматтарға жеңілдетілген грант беру бағдарламасы 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіліп, жыл сайын тұрақты түрде өтіп тұрады. Аталған бағдарлама аясында ерекше жобаны қолға алған шымкенттік авторларының бірі – Нұрымжан Шойбеков. Ол – құрамының көп бөлігі ағаштан қалған бөлігін цемент құрайтын  арболит блоктарын өндіруді Қазақстанда алғашқы болып ашқан кәсіпкер. Бұрын құқық саласында еңбек еткен  Нұрымжан Шойбеков «Елдің өнеркәсібіне үлес қосуды әу бастан ойлап жүретінмін» дейді.

–Мен өндіріспен айналысуды жастайымнан армандадым. Бірақ сол қаржы  жетіспеушілігі қолбайлау болатын. Ізденісте жүрген жылдары түрлі кәсіпкерлермен әңгімелесіп, осы арболит блоктары жайында естідім.  Кейіннен оның жасалу жолына қызығушылық таныта бастадым. Бұл өнім ХХ ғасырдың отызыншы жылдары Еуропада шығарыла бастаған екен. Ал  Кеңес Одағы дәуірінде  алпысыншы жылдары  танымал болған. Сол уақыттарда аталған құрылыс материалын монша салуға көп қолданған. Біздің елге 2015 жылдардан бастап  келді. Содан бастап мен өзім құжаттарын дайындап, сертификатын алып, осы өнімді өндіріп көруге кірістім. Бизнес-жобам арқылы қайтарымсыз грантты жеңіп алдым. Қазір тұтынушылар солтүстіктен, орталық Қазақстаннан тапсырыс беріп жатыр, – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, арболиттің ерекшелігі арболит блоктарынна қаланған ғимарат қыста суықтан, жазда ыстықтан жақсы қорғайды. Құрамы ағаш пен цементтің қосындысы болғандықтан салмағы да жеңіл. Бұл құрылыс жұмысын едәуір жеңілдетеді. Қаржысы жағынан да үй салушыға тиімді. Себебі, арболиттен салынған үйді қосымша жылытқышпен қаптап әуре болмайсыз. Қабырғаға шеге қағуда қиындық тудырмайды. Экологиялық таза өнім болғандықтан адам денсаулығына зияны жоқ, керісінше пайдалы екен.

Қызмет ақпарат

(2000 символ)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика