
Еліміздің басым бөлігінде қар қорының жиналуы жалғасуда. Бұл туралы ҚР Экология және табиғиресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, депхабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 20 ақпанғадейінгі кезеңде таулы және тау бөктеріндегі өзендербассейндеріндегі метеостанциялардың мәліметінше, жауын-шашын нормадан көп мөлшерде түскен.
«Бүгінгі күні еліміздің басым бөлігінде қар қорыныңжиналуы жалғасуда. Сонымен қатар наурыз, сәуірайларында көпжылдық бақылаулардың негізіндежауын-шашын қорының едәуір түсу қаупі сақталады. Алдын ала болжамға сәйкес, наурыз айындареспубликаның басым бөлігінде ауа температурасыклиматтық нормаға жақын, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай, ШҚО, Жетісуоблыстарында және Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында 1°-қа жоғары болады», — деді Экология министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, қардағы су қоры мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қатутереңдігін талдай отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды.
«Маңғыстау облысы сын-қатер төмен аймаққа, Павлодар және Ұлытау облыстары орташа қауіптегіаймақтарға, ал еліміздің қалған өңірлері қаупі жоғарыаймақтарға жатқызылды. Биылғы наурыз айынанбастап гидрологиялық болжам апта сайынұсынылатын болады», — деді З. Сүлейменова.
Гидрометеорологиялық жағдайлар күрт өзгергенжағдайда «Қазгидромет» РМК су тасқыны қаупітуралы дауылды ескертулерді алдын ала 2-3 тәулікбұрын Төтенше жағдайлар министрлігі жәнежергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларұйымдастыру үшін жолдайды.