Елімізде туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың бірнеше құралы іске қосылды. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен енгізілген төрт жаңа заңнамалық нормалардың арқасында жүзеге асып отыр.
Біріншіден, туристік объектілерді салу және реконструкциялау үшін кәсіпкерлерге ошығындарының 10% өтелетін болады. Екіншіден, жол бойындағы сервис объектілері қонақ үйлер, жанармай құю бекеттері, сауда және тамақтану пункттері сияқты нысан салған кәсіпкерлерге де осы мөлшерде субсидия қарастырылған. Үшіншіден, 8 немесе одан да көп орындықтуристік автобустарды сатып алу үшін өтемақы25% құрайды. Төртіншіден, тау шаңғысыкурорттарына арналған жабдықтарды сатып алуүшін де дәл осы мөлшерде өтемақықарастырылған. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау субсидияланады. Бұл айына 83 000 теңге.
Мысалы қазір Ақмола облысындағы Зерендіауданында 75 миллион теңгеге балаларғаарналған сауықтыру орталығы қайта жаңартылыпжатыр. Жаңа заңнамалық нормаға сәйкес кәсіпкерге жоба құнының 10% өтеледі.
Ақмола облысы мен Шығыс Қазақстаноблысының екі кәсіпкеріне туристік автобустарсатып алғаны үшін 11 млн теңге өтеледі. Сондай-ақ, биыл еліміз бойынша 567 санитарлық-гигиеналық торапты ұстауға арналғаншығындарды өтеу көзделіп отыр.
«Туризмді дамыту бизнеспен белсендіынтымақтастықсыз мүмкін емес. Сондықтан бізҚазақстанның туристік инфрақұрылымын дамытуғаинвестиция салатын кәсіпкерлерге қолдаукөрсетеміз. Жаңа техниканы сатып алуға жұмсалғаншығындардың бір бөлігін өтеу шынымен де іріжоспарларды іске асыруға түрткі болады. Кәсіпкергетек өтінім беріп, өз жобасын ұсынуы керек»,—деп атапөтті Мәдениет және спорт вице-министрі ЕржанЕркінбаев.
Leave a Reply