*1 Наурыз-Алғыс айту күні Ризашылық ризығымызды арттырады

 

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі атап өтіледі

Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн — қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.

Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.

Бұл — Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.

Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз.

Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету — Дала халқы үшін жазылмаған заң. Мұндай дүниетанымның негізінде адамға деген шынайы құрмет қалыптасқан.

Отанымыздың тарихы мен жинақтаған тәжірибесінен асқақ гуманизмнің, адал ниет пен шынайы ризашылықтың мыңдаған дәлелдерін көруге болады.

Көптеген жылдар бойы миллиондаған тағдырлардыңтоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуыдара Көшбасшымыздың жетекшілігімен, қайталанбасрухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлтболып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар еңселі ел болуымызға негіз қалады.

Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән асылқасиеттер — патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады.

Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен ескеаламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғысайтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерінжалғастырамыз.

Біз, яғни мұғалімдер балаларға тәрбие беруде ұлтқағ ұлысқа бөлінбейғ жалпы адамзатты жақсы көруге үйретеміз. Алғыс айту күнінің мағына-мәнін түрлі тарихи деректермен түсіндіреміз. Бір кездері тағдырдың жазуымен Қазақстанға пана іздеп келіп, кейіннен жергілікті тұрғындарға айналып кеткен этностар бүгінде еліміздің өркендеп-дамуына үлестерін қосып келеді. Кеңпейіл, қонақжайлы қазақтың жақсылығын ұмытпайтындарын айтып жүреді. Демек, бұл мереке  бір-бірімізге  мейірімімізді білдіріп, ықтық ықыласымызды танытатын мереке дер едім.

  Зияда ЖҰПАРОВА,
Мұхтар Әуезов атындағы
№1 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Шардара ауданы.  

 

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика