31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Осыған орай «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар еліміздің жарқын болашағы жолында тағдыр тауқыметін тартқан ұлт мақтаныштары мен арда азамттардың рухына құрмет көрсетті. Іс-шара алдымен ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды. Көпшілік саяси-қуғын сүргінге ұшыраған нәубет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін 2020 жылы арнайы Мемлекеттік комиссия құрылды. Оңтүстiк Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 2500-ден аса адам «Халық жауы» ретінде атылды. Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатындағы қуғын-сүргінге ұшыраған 563 азаматтың құжаттары толық ақтау бойынша қаралуда. Бүгінгідей бейбіт заман, кемелді келешек үшін жанын пида еткен қазақ зиялыларын ақтау, жаңарған қоғамда лайықты, мәртебелі ордарын беру — азаматтық парызымыз! Бүгінгі ұрпақ саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтап, мақтан етеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады. Содан бері 20 мыңнан аса мұрағаттық қылмыстық іс зерттелінген көрінеді. Алайда, «саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайдың» жекешеленіп кетуінен аталмыш тарихи оқиғаға мемлекеттік деңгейде баға берілмей жүргенін білуге болады. Мұражай қызметкерлері болашақта төл ғимараттарының қайтадан өздеріне қайтарылатынына сенімдері мол. Себебі, – дейді мекеменің басшысы Н.Жақауова: «НКВД-ның бұрынғы ғимараты саяси қуғын-сүргін құрбандарының соңғы демі қалған жер, тіпті бөлмелерінде қанның ізі бар еді. Меніңше, бұл көрініс келген адамдарға қатты әсер беріп, өткен тарихымызды бағалауға мұрындық болар еді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары 3-4 жастарында әке-шешелеріне тамақ тасыған жер. Мәселен, Томск қаласында НКВД-ның бұрынғы ғимараты сол қалпында сақталынып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайына айналып отыр. 31-мамыр күнін біз жыл сайын атап өтеміз. Алматы қаласының осы зұлматты бастан өткерген отбасы ұрпақтары Алматы облысының «Жаңалық» ауылында қаралы митингке жиналады. Онда НКВД қолымен атылған 3 мыңнан астам адам жерленген. 1990 жылы бұл жерге тас белгі қойылса, 2002 жылы ескерткіш орнатылған».
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply