Абай ауданына қарасты Нұршуақ елді мекеніне биыл талшықты оптика желісін жүргізу жоспарға енгізілген болатын. Маусым айының соңына дейін елді мекен оптика желісімен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынып, елді мекен көшелеріне оптика желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтап, 10 000-ға жуық тұрғынға жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынады. Сонымен қатар, Нұршуақ елді мекеніне базалық станция орнату үшін «Kcell» АҚ мен келіссөздер жүргізіліп, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнатуға келісім жасалды. Бүгінде инвестор тарапынан базалық станцияны орнату үшін жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстарды алдағы 4 ай көлемінде аяқтау жоспарланып отыр. Адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады. Жалпы алып қарасақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының еңнегізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын сексен процентке дейін артып отыр және Қазақстан Республикасы тұрғындарынң тоқсан бес пайызын цифрлық xабар таратумен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтардың цифрлық сауаттылығын сексен пайызға дейін арттыру жоспарда бар. Сонымен бірге, тек 2017 жылдың өзінде “Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасында 244 радио және телевизиялық станция салынатын болды. Жүзеге асқан жобалардың көптеген бөлігі мемлекеттік және жекменшік серіктестігі аясында іске асады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізі 2016 жылы «Зерде» ұлттық холдингінің базасында дайындалғанын еске саламыз. «Зерде» Холдингінің төрайымы Әсел Жиенбаеваның мәліметіне сәйкес, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы IT саласын ғана емес, Қазақстан қоғамындағы көптеген басқа салаларды өркендетуге арналған.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply