4 маусымда Шымкент опера және балет театрындаресейлік танымал тележүргізуіш, продюссер, режиссер Владимир Глазуновтың әдеби поэтикалық кеші өтеді. Біз бүгін осы театрдағы еңбек майталмандары туралы айтқанды жөн көріп отырмыз. Әнші мен актерді бәрі таниды. Театр қойылымдарының танымалдығы да актерден кем емес. Ал, олардың киімін кім тігеді, сахнаны кім безендіреді. Бұл туралы көбіміз біле бермейміз.
Аталған өнер ордасында әлемге таныла бастаған дизайнер Даулеталиева Сабира Оразбекқызы еңбек етеді. Сахналық костюмдерді жоғары деңгейде әзірлеп, қойылымның шырайын келтіріп жүрген жоғары дәрежелі дизайнер Сабира Оразбекқызы 1979 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген. Шымкент қаласында Қ.А.Яассауи атындағы ХҚТУ-да «Өнер» факультетінде «Дизайнер» мамандығы бойынша білім алып, көп ұзамай өзі білім алған оқу орында «Киім дизайны» кафедрасының оқытушы қызметінен бастайды.
Үздіксіз ізденістің арқасында 2002 жылы Белорусия, Минск қаласында Этно-Эрато Халықаралық жоғары ұлттық сән шеберлер байқауына өз жұмыстарымен қатасып, 1 орынға ие болды. 2002 жылы «Жыл дизайнері» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің стипендиясымен марапатталды.
Үздік сән шебері 2010 жылдан бастап Шымкент қалалық опера және балет теарының тігін цехының меңгерушісі, костюм-дизайнері, суретші-модельері қызметін атқарып келеді. Қызметке келген күннен бастап шеберлігінің арқасында аса ауқымды қойылымдар кейіпкерлерінің костюмдерін жоғары талғамда тігіп, ерекше стильмен әзірлеумен танымал болды.
Осы уақыт аралығында театрда Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», У.Гаджибековтың «Аршын мал алан», Р.Леонковаллоның «Паяцы», Дж.вердидің «Риголетто», А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай», Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны», П.Масканьидің «Селская честь», М.Төлебаев «Біржан-Сара», Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз», Ж.Бизенің «Кармен» опералары, С.Ахметова, Р.Шыныкуловтың «Махаббат мұнарасы» мюзиклі және Р.Салаватовтың «Қарлы ханым», П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балалар балеті, Ф.Легар «Көңілді жесір» оппереттасы, Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы костюмдерінің эскизін жасап, сахнаға лайықтап шығарды.
Аталмыш қойылымдардағы өзінің тарихи уақытына сай және өте көркем етіп жасалған костюмдер көрермендер көңілінен шығып, жоғары бағасын алды.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply