Кез келген этнос пен қауымдық топтың, халықтың, ұлттың өзіндік болмысы мен дүниетанымы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани және материалдық мәдениеті оның тек жанды тілі арқылы ғана дәйектеледі. Яғни, кез келген тіл белгілі бір ұлттың эталондық көрсеткіші болады. Оған этномәдени біртектілік, ұжымдық сана, территориялық біртұтастық, қауымдық құрылым тоғысады. Тілдің сапалық белгісі коммуникативті қасиетке ие ақпарат беруші таңбалар жүйесінен ғана тұрмайды, ол осы кешенділік сапаның бәрін қамтитын ұлттық мәдениеттің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Осы орайда Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында екі қаланың арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатты. Сонымен қатар алдағы уақытта Сианьде Қазақстанның Бас консулдығы ашылатын болды. Кездесу барысында қалалар арасында мәдениет, туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 млн.АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор. Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырды.
Қызмет ақпарат
1730 символ
Leave a Reply