ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкентте отбасының рөлі әрқашан ерекше. Отбасы әл-ауқатын жақсарту шаралары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асуда. Соның бірі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен тұрғын үй көмегі қарастырылған. Биылғы жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй көмегіне 33 млн. теңге қаржы 450 отбасыға төлеу жоспарланған. Жыл басынан бері 208 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды. Көмек түрін алудың өзіндік шарттары бар. Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден (пәтер) артық баспана болмауы қажет. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш тиісті құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «e-gov» порталы арқылы қабылданады. Талап етілетін құжаттар:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
3) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
4) банктік шот;
5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; (өтініш білдірген тоқсанның алдындағы түбіртектер).
6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесі.
Қосымша ақпаратты төмендегі мекен жайдан, көрсетілген телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а, Бәйтереков көшесі, 89 үй, (29 каб)
Байланыс телефон нөмірлері: 8 (7252) 27-71-29 , +77058687255
Қызмет ақпарат
1560 символ

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика