ШЫМКЕНТ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агро-белдеуі бар ерекше аймақ. Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 млн теңге субсидия (393 өтінім) берілген болса, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 млн теңге қаржы қаралған. Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасып келеді Атап айтқанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан 350 млн теңгеге жуық субсидия қаражаты төленді.

Субсидиялау бағыттары бойынша:

Етті мал шаруашылығы

—           Асыл тұқымды мал сатып алуға 150 000-300 000 теңге;

—           Бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашыққа 200 теңге (1 кг тірі салмағына);

—           Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 10 000 теңге;

—           Жұмсалған мал азығына 1 басқа 35 000-50 000 теңге

Сүтті мал шаруашылығы

—           Асыл тұқымды мал сатып алуға 200 000-400 000 теңге;

—           Өндірілген сүттің 1 кг 20 теңге

—           Асыл тұқымды ұрық сатып алу 5 000-10 000 теңге дозасы;

—           Жұмсалған мал азығына 1 басқа 35 000-70 000 теңге

Жылқы, түйе, шаруашылығы

—           Асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге;

—           Өндірілген сүттің 1 кг 60 теңге;

—           Жұмсалған мал азығына 1 басқа 30 000 теңге

Құс шаруашылығы

—           Асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға 60 теңге;

—           Өндірілген 1 дана жұмыртқаға 3 теңге;

—           Өндірілген құс етіне 1кг 50 теңге

Қой, ешкі шаруашылығы

—           Асыл тұқымды мал сатып алуға 15 000-40 000 теңге;

—           Бордақылау алаңдарына өткізілген еркек тоқтыларға 3 000 теңге;

—           Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 2 500-4 000 теңге;

—           Жұмсалған мал азығына 1 басқа 8 000 теңге

Доңыз шаруашылығы

—           Шет елден аналық асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге;

—           Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 40 000 теңге;

—           Жұмсалған мал азығына 1 басқа 7 000 теңге

Бал ара шаруашылығы

—           Селекциялық асылдандыру жұмысына 1 балұяға 5000 теңге

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарынан

тел: 8(7252) 24-74-08 хабарласып, консультациялық кеңес алуға болады.

Қызмет ақпарат

1999 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика