ЕСКІРГЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТҰРҒЫНДАР КЕЛІСІМІМЕН ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

 

Реновациялық бағдарлама инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес тұрғындардың келісімі арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы бүгін арнайы реновациялауға жататын объектілер бойынша тұрғын үй иелеріне өтеудің тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қаржыландыру мәселелері бойынша аудан әкімдіктерінің, тұрғын үй басқармасының, «Shymkent ӘКК» АҚ және инвесторлардың, БАҚ өкілдері мен тұрғындардың қатысуымен тыңдалым өтті. Тыңдалым барысында меншік үй иелері инвесторлардың ұсынысын тыңдап, бірқатар сұрақтарға нақты жауаптар алды.

Реновация бағдарламасына енгізілген тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне ауданы бойынша бірдей, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес мөлшерде жаңа пәтерлер беріледі. Тұрғын емес үй-жайлардың иелеріне оның құны өтеледі. Меншік иелері келіспеген жағдайда өткізілетін мүлік үшін өтем салынып жатқан объектілерде ауданы бойынша бірдей тұрғын емес үй-жайларды беру жолымен қамтамасыз етілу қарастырылған. Сол арқылы қаланың көркін ашатын әсем зәулім үйлер салынатын болады.

2023 жылға қала аумағындағы авариялық, тозығы жеткен 6 тұрғын үйді бұзып, қайта жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланған. Аталған үйлер Абай ауданында — 1, Әл-Фараби ауданыда — 1, Еңбекші ауданында — 1, Тұран ауданында — 3. Қазіргі таңда реновациялау жобаларына жеке инвесторлар тарту бойынша «Shymkent ӘКК» АҚ жұмыс жасауда. Бұған дейін де аудандық әкімдіктермен тұрғынжай меншік иелерінің жеке инвестормен кездесулері ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Айта кету керек, аталған бағдарлама бойынша инвесторларды тарту және сүйемелдеу функцияларын орындайтын «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы » акционерлік қоғамы болып табылады.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика