«Қызмет» газетінің жаңа жобасы! АНАМ ЖАЙЛЫ АЙТАМЫН

Жаңа жоба!

АНАМ ЖАЙЛЫ АЙТАМЫН…

«Қызмет» газетінің жаңа жобасы!
АНАМ ЖАЙЛЫ АЙТАМЫН
Бұл өмірдегі сырға ең берік жан-ол біздің АНАМЫЗ! Ең ҚАМҚОР,ең ЖАНАШЫР жан-ол біздің АНАМЫЗ!
АНА дегенде селт етпейтін КӨҢІЛ, дір етпейтін ЖҮРЕК жоқ.
Ана туралы айтқанда ең әдемі теңеу іздеп, ең қымбат сыйлық бергіміз келіп тұрады.
Солай емес пе?
Ендеше, «Қызмет» газеті мен «Ақылдым» балалар журналының редакциясы бастаған ЖАҢА ЖОБАҒА қатысыңыз. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қорытындыланатын «Анаға хат» жобасына қатысу үшін бар болғаны АНАҢЫЗға деген бала көңіліңізді, бәлкім сағынышыңызды, бәлкім айта алмай жүрген сырыңызды, құрметіңізді, ризашылығыңызды жеткізетін ХАТ жазасыз.
Ең үздік, ең өнегелі хаттар апта сайын «Қызмет» газетінде жарық көреді, мереке қарсаңында жарыққа шығатын жинаққа енеді. Анаңызды «қызыл кілеммен» алып жүріп, әсерлі кештің қадірлі қонағы боласыз. Сізді өмірге әкелген ең қымбат жанның суреті көрмеге қойылады.
Байқау шарты:
1. Анаңызға арналған хат А4 форматында, 14 шрифтпен 2 беттен аспауы керек.
2. Тақырыпқа сай ең сапалы суреттер қабылданады. Фотосуреттерді редакция таңдайды.
3. Анаңызбен түскен бейнежазбалар мен фотолар «Қызмет газеті» және «Ақылдым» балалар ақпараттық порталына жүктеледі. Сондағы қаралым есепке алынады.
Жобаға қатысу үшін ешқандай өтінім жазудың қажеті жоқ. Жазылған эссеңізді әлеуметтік желідегі парақшаңызда жариялап, Ақылдым журналы (https://www.facebook.com/akyldim) мен Қызмет газетінің (https://www.facebook.com/profile.php?id=100006005378590) парақшасын белгілеуіңіз қажет. Немесе akyldim@mail.ru электронды поштасына жолдасаңыздар да болады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ
БҮГІН 7 АҚПАН МЕН 28 АҚПАН АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАР ЖОБАҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ.
Бұл менің АНАМ!!!
Мен де АНАМ жайлы айтамын. Айтқандай
#анамжайлыайтамын

Құрметті достар!
Жобаның атауын өзгерттік. Ақмарал Леубаева ханымның осы аттас жобасы бар екен.

Хэштегін ұмытып кетпеңіз.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика