Шымкентте қалалық денсаулық сақтаубасқармасының ұйымдастыруымен қалада бар медициналық нысандарға мүмкіндігі шектеуліжандардың кіріп шығу қолайлылығы туралымәселе қаралды. Жиынға басқармақызметкерлерімен қатар медицина мекмелерініңбасшылары да қатысып, ерекше қажеттілігі бар жандарға қолайлы жағдай туғызу үшін емдеуорындарында жүргізілген жұмыстардың барысы туралы баяндады.
Бұған дейін қаладағы медицина ұйымдарының жетекшілеріне мүмкіндігі шектеулі жандардықолдаудың əлеуметтік саясатын жетілдіру бойынша жəне оларға əлеуметтік, көліктік инфрақұрылымқызметтерінің кедергісіз қолжетімді болуын қамтамасыз етуді белгіленген талаптарға сайұйымдастыру ұсынылған еді. Әлеуметтік саясат және осы ұсыныстарды негізге ала отырып, қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанынанқұрылған арнайы мониторингтік топ жылбасынан бері емдеу мекемелеріндегі жағдайды тексеріп, хаттама түзді. Мониторинг топ құрамында басқарма мамандары мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды.
Мониторинг жүргізу барысында қалада бар бірқатар мелициналық мекемелер орналасқан ғимараттар кейбір тармақтар бойынша мүгедектігібар адамдар үшін қолжетімділік жөніндегінормаларға сәйкес келтіру мүмкіндігі мүлдем жоқекендігі анықталып, ескертулер берілді.
Анықталған кемшіліктер бойынша денсаулықсақтау басқармасы жұмыс істеп, басқарма тарапынан берілген тапсырма аясында емдеумекемелері ерекше қажеттілігі бар жандар үшінпандус, жүру жолдары мен жеделсаты, тұрақорындары, тағы да басқа талаптарды нормаларғасәйкес келтіріп, бүгінгі таңда кемшіліктер жойылды.
Ал, кейбір күрделі жөндеу жұмыстары жүреді депжоспарланған медициналық ұйымдарда қалалықмүгедектер қоғамы атынан ұсынымдар беріліп, осал топтағы азаматтар үшін талапқа сәйкескелетін жағдайлар қарастырылып, жол картасыбойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Шымкент қалалық Денсаулық сақтаубасқармасының басшысы,Нұрлыбек Әбтбуллаұлы Асылбековтың айтуынша, қаладағы барлық медициналық мекемелердің басым бөлігінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдайқарастырылған. Бүгінде Шымкент қаласында 32 мемлекеттік және 72 жеке медициналық ұйым бар. Олар толығымен «сақтандыру» ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді қабылдау үшін 38 терминал орнатылған.
Leave a Reply