2 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫССЫЗ СҰРАНЫСҚА САЙ МАМАНДЫҚ ИГЕРДІ

 

Зерттеулер Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындар, құрылыс компаниялары мен халыққа қызмет көрсету орындарының оннан астам кәсіп түрі бойынша мамандарға зәру екенін көрсеткен. Осыған орай биыл қала бойынша екі жарым мыңға жуық  жұмыссыз азамат арнайы оқу курстарына жолдама алып, сұранысқа сай мамандық алып шықты.

Солардың бірі Әсел Отыншиева. Медициналық жоғары білім алған ол,оқу курсын бітіргеннен соң мамандық туралы көзқарасын түпкілікті өзгертіп, бала кезінен қызыққан тігіншілік өнермен айналысуды мақсат етіп отыр. Жұмыспен қамту орталығының көмегімен үш ай бойына жұмыс берушінің қасында білім алып, тәжірибе жинақтаған  Әсем қысқа мерзімде өз бетімен түрлі бұйымдар мен сән үлгілерін пішіп, тіге алатын деңгейге жеткен.

Қазр жеке кәсіпкер ретінде тіркелсем деген ниетпен «Даму» қорына барып, заңгерлердің кеңесін алып, нәтижеде кәсібін тіркетіп, ісін бастап жатыр. Ал, экономист деген дипломы бар Альбина Байболатова енді бет әрлеушісі.  Қысқа мерзімдіоқуды аяқтап, қазір әсемдік салонында жұмыс істепжатыр.

Альбина өзінің бұл кәсіпті таңдауын былай түсндіреді: Қыздар бүгінгі таңда бұл қызметті көп тұтынады. Себебі бәрі әдемі болғысы келеді. Жалпы сұлулық, әдемілік тақырыбы қандай қоғамда болсын күн тәртібінен түспеген тақырып. Сұраныс көп. Содан кейін осы кәсіпті таңдадым. Оның үстіне айлық та бұрынғыға қарағандақомақтылау.

Биыл Шымкент қаласында Әсел мен Альбина секілді 2  мың 300-дей азамат  кәсіптік оқытукурстарында білім алды. Оның 800-ге жуығыкәсіпорындар мен мекемелердің сұранысына саймамандық игеріп шықты.  Және бірден жұмысқа орналысып кеткендердің үлесі басым. Еңбек нарығында шаштараз, тігінші, визажист, бухгалтер, кассир, дәнекерлеуші мен электр монтаждаушы секілді кәсіп иелеріне сұраныс көп.  

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ КӘСІПТІК ОҚЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АСЫЛБЕК НАУРЫЗБАЙҰЛЫ, биылғы жылы 29 мамандық бойынша оқыттық. Соның ішінде ірі өнеркәсіптер, тігіншілік, құрылысжәне қызмет көрсету салаларына жолдама алып, жұмыстарын бастап жатыр, дейді.

Сондай-ақ бүгінгі таңда тағы шымкенттік мыңнан астам азамат кәсіп дағдыларын үйрену үшін онлайн жүйеде білім жетілдіруде.Ұлттық жоба аясында оларды қайта оқытуға 200 миллион теңге қаржы бөлінген. Бағдарлама аясында бұл азаматтардыңары қарай жұмысқа орналасуына да қолдаукөрсетіледі.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика