ҚАЛА ӘКІМІ АГРС-3 НЫСАНЫНА барды

 

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін АГРС-3 НЫСАНЫНА барды. Мұның да өзіндік себептері бар.Өйткені шымқалалықтардың көпқабатты үйлерде тұратын белігілі бір бөлігі және жеке секторда тұратын тұрғындар тұрғын жайын жылыту үшін  табиғи көгілдір отынды тұтынады. Көп қабатты үйлерде тұратын азаматтар қала мегополиске айнлағанға дейін пәтерлерін жылыту үшін  газды пайдалану мүмкіндігін еркін пайдаланды.

Қазіргі таңда мегаполисте шағын және орта бизнес үшін ғана емес, қарапайым тұрғындар үшін де газ құбырын тартып оны қосуға уақытша шектеу бар. Мұндай мәселе шаһардың  республикалық маңызы бар қала  мәртебесіне ие болғаннан кейін пайда болды. Себебі  іргелес жатқан Түркістан облысының аумағынан қалаға 40-тан астам елді мекен қосылды. Абоненттер саны көбейген соң қолданыстағы газ тарату бекеттерінің қуаттылығы бәріне жеткіліксіз болды.  Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2021 жылы үшінші АГРС-3 іске қосылған болатын.

Бүгінде стратегиялық маңызы зор нысан – АГРС-3 (Автоматтандырылған газ тарату станциясы) толық қуатында жұмыс істеп тұр. Бүгін қаладағы жылыту мекемелерінің жұмысымен танысқан шаһар басшысы аталған станцияның да назарынан тыс қалдырмады. Арнайы бұрылып,  қыс мезгіліндегі қуаттылық режимінің жағдайын көзбен көріп, жұмыс барысымен танысты.

«Түркістан облысы Сайрам ауданы Қасымбек Датқа елді мекенінен 25 мың м3/сағ газ алуға жеткізуші газ құбырынан

АГРС-3-ке сағатына 250 мың текше метр көгілдір отынжетіп, ары қарай тарайды. Бұл газ тұтынатын қалалықтардың қажеттілігін толықтай қана,ғаттандырып тұр. №3 автоматтандырылған газ тарату нысаны қаланың барлық көгілдір отынға деген сұранысын жауып отыр. Оның ішінде әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік мекемелер де сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтылған, деп ақпар берді станция басшылығы.

Газ тарату станциясын аралау барысында қала басшысы бұл нысанның стратегиялық маңыздылығына қайта тоқталып, басқарма мен мекеме басшыларына сапалы сервис пен қауіпсіздікті сақтауда ұқыптылықтың маңыздылығын айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентке газ «Бейнеу-Бозой» газ құбыры арқылы келеді. Аталған құбырдың іске қосылуы«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясына еліміздің барлық магистральды газ құбырын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне қосуына мүмкіндік берген болатын. Бұл өз кезегінде республика халқын үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, Қазақстан импорттық табиғи газға деген тәуелділіктен біржола арылуына жағдай туғызып отыр.

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика