Шымкент қалалық мәслихатының депутатығына №1 сайлау округінен кандидат НҰРЛАН ӘЛІМБАЕВТЫҢ Сайлауалды бағдарламасы

1.​Әлеуметтің әлжуаз тобының мәселелерін зерттеу және қолдау тетіктерін қарастыруды қолға алу;

2.​Бюджет қаражатын бөлуге, мемлекеттік тапсырыстардың қалыптастырылуына саяси партия, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерін қатыстыру арқылы ашықтыққа, жариялылыққа қол жеткізу;

3. Асар-2, Бозарық, Қайтпас-2 елді-мекендеріндегі қара жолдарға тас төсеу, газдандыру, интернет желісін тартуға атсалысу;

4. Шымкент қаласындағы жол құрылысының сапасын қатаң бақылауға алу, жол бойын жарықтандыру жұмыстарын қолға алу және сапасына қоғамдық бақылау жасау;

5.​Мемлекеттік тұрғын үйлерді  бөлуде ең бірінші әлеуметтік аз қамтылған және жас отбасыларға басымдық беру жолын қарастыру, жастар арасында жұмыссыздық пен кадр тапшылығын реттеуге басымдық беру;

6. Шағын аудандарда дәрігерлік амбулатория, емхана салдыруға атсалысу;

7. Ауылшаруашылығы саласында жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылауға алу. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау;

8. Елдімекендерде спорт алаңшалары мен мәдениет ошақтарының салынуына ықпал ету;

9. Елдімекендердегі көшелерге тарихи атаулар берілуіне атсалысу, тұрғындардың мәдени-рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында Еріктілер жасақтарын құру, Таным клубтарын ашу;​

Шымкент қалалық мәслихатына №1 округтен үміткер Нұрлан Әлімбаевтың насихат жұмысы кездеріндегі көңіл-күйі мен ТҮЙГЕНІ

Сұлу сөзден кесте тоқығым келмейді! Өтірік уәде беру бізге жат!

Әр үйге, әр шаңыраққа жеке -жеке кірем. Әр азаматпен жеке-жеке тілдесем!

Халықтың мұң -мұқтажын тыңдаймын!

Халық қолдап жатса мәселесін мінбеде тік тұрып көтерем, шешем!

Күтіңіздер, халқым! Ұлдарыңыз Сіздерді іздеп жолға шықты!

***

Кіші балам ғой!

Бата жаттапты. Үйден шығып бара жатсам, қасымнан қалмайды. Былдырлап бірдеңе айтып жүр!

Онысы осы екен…

Өзіңіз тусауын кескен бала өсіп келеді Ерсін Әміре аға!

«ШымСити», «Асар» шағын аудандарында болдым.

Халықпен кездесіп,  үгіт- насихат жұмыстарын жүргіздік.

Жұрт штабың қайда деп сұрайды. Менің штабым үйім және көше болып жатыр.

Азаннан кешке дейін қасымда жүрген достарыма рахмет!

Бүгін «Ақжайық» ш.а. тұрғындарымен кездестім. Халықты автотұрақ және тұрғын үй аулаларын бейнебақылау жүйесімен қамту мәселесі қатты толғандырады екен!  Майшаммен қарауға болады!

Халықтың батасы адамға  күш-қуат береді екен.

Халық қолдап жатса, ел үшін қызмет етуге әзірмін! Осылай жаяу жүргенім жүрген!

Халықпен кездескенде жиі болып жатқан диалог:

-Ассалаумағалайкум!

-Кел балам!

-Сайлау келе жатыр…

-Бармаймын.

-Шымкент қалалық мәслихатына кандидатпын. Үй үйге кіріп, халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдап жүр едім!

-Қай партиядансың?

-Ешқандай партияның мүшесі емеспін. Тәуелсіз кандидатпын. Мажоритарлық жүйемен бақ сынап жатырмын.

-Биыл өзгеріс болып жатыр ма? Айт, балам. Не істеу керек? Тәуелсіз кандидат болсаң барамын, өз таңдауымды жасаймын!

Биыл қалалық мәслихаттың 50%

мажоритарлық жүйемен жасақталады. Бұл жаңалық халықтың да көңілінен шығып отыр! Сайлауға бармаймын деп отырған азаматтар, енді өз таңдауын жасайтын болып жатыр. Мен соған қуандым.

Үй үйге кіріп жүрміз!

Сенім болса, бәрі болады!

Бүгін таңмен таласып «Қайтпас-2» және «Ақжайық» шағын ауданындарында болдым!

Халықтың көкейінде сұрақ көп.

Кейде ұялғанымнан кірерге тесік таппай кетем.

Құрметі жерлестер! Сіздер  түсініп алыңыздар! Мен тәуелсіз кандидатпын! Ешқандай партияға қатысым жоқ.

Қолдап жатсаңыздар ақиқат үшін алысам, шындық үшін күресем!

Сол үшін, Сіздер үшін жүрмін ел кезіп! Сыртқа күліп қарағаныммен, іштей жылап жүрмін.

Сол үшін дұрыс таңдау жасаңыздар! Жаңа Қазақстанды бірге қарайық!

Қаражат Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына №1 сайлау округіне кандидат Нұрлан Әлімбаевтың жеке сайлау қорынан төленген.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика