НҰРЛАН ӘЛІМБАЕВТЫ ЖАҚСЫ ТАНИТЫНДАР НЕ ДЕЙДІ?

Нұрлан Әлімбаев-Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына №1 сайлау округінен кандидат.

*ТІЛЕУЛЕСТЕР

Nurlan Alimbaev деген есімді қазір ел біледі.Ол үшін тынбай еңбек ету де керек шығар.Нұрлан телеарнаның есігін имене ашқан бозбала еді,Көзінде оты бар,жалындап тұрған жас жігітті жұмысқа қабылдадық.Жаңалықтар қызметінің шаңын шығарды.Бағыт бағдар беріп отырдық басында.Сосын тіс қаққан журналистке айналды.Елден телернаға шағымданып келген адамдар арызын Нұрланға тапсыруымызды сұрайтын.Нұрлан араласса шаруалары шешілетінін сезетін.Кемелденіп,толысқан кезінде салмақты хабарларды жүргізуге мүмкіндік бердік.”Ақ пен қара” деген ток шоуды жүргізді.Хабарға қатысушсы қайсы,жүргізушісі қайсы ел түсінбей қалатын.Хабарға бар ынтасымен кірісіп кететін.-Айналайын,хабарға қатысушыңды ұрып жібермеші деп қалжыңдайтынбыз.Әбден піскен кезде саяси хабарларды тізгіндеді.Хабарға қатысуға келген кейбір шенеуіктер Нұрланды көріп айтатын сөзін ұмытып,әбігерге түсіп жататын.Дайын боп,саясатты меңгерді ау дегенде хабарлар бөлімінің шеф редакторы етіп тағайындадық.Еркін көсілуіне мүмкіндік бердік.Телернаға жаңа леп,еркіндік ап келді.Нұрланның хабарларына қатысқысы келмей қашқақтаған кейбіреулер телефон соғып араша сұрайтын.Оған қарайтын Нұрлан бар ма?!Дегеніне жетіп,хабарын жасап тоқтайтын.

Осы Нұрлан батыр мені өзіне ұстаз тұтып,елге солай айтып жүреді.Оныкы де дұрыс шығар.Білгенімізді үйреткен де болармыз.Жастарға үлкендердің жүріп тұрғаны, сөйлеген сөзі де әсер етіп жатады ғой. Ұстаз болу үшін аузың көпіріп дәріс оқу міндет болмаса керек.

Нұрлан қазір ‘Жібек жолы”деген республикалық телернаның тілшісі.Батамызды беріп,үлкен жолға салғанбыз.Өңірдің мәселелерін ел көлемінде көтеріп жүр.

Нұрлан алдағы сайлауда бағын сынап жатыр.Партиялық тізім емес,жеке шауып көрмекші.Нұрлан маслихатқа барса ол жерге де жаңа леп,жаңа сілкініс ап келері сөзсіз. Жас келсе-іске дейді. Нұрлан батырға ұстазы ретінде дауыс беруге шақырамын.Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Уәли Қыдыр, «Оңтүстік» телеарнасының директоры

Қаражат Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына №1 сайлау округіне кандидат Нұрлан Әлімбаевтың жеке сайлау қорынан төленген.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика