Тамақ ішсең — таңдап іш

       Жұмыртқа адам денсаулығына пайдалы ма?
tories/12492284511424.jpg» width=»300″ height=»243″ alt=»12492284511424″ style=»float: right;» />
       Жұмыртқа — көп жағдайда оларды әр түрлі жолдармен қолданудаң арқасында барлық елдер асханасында таны-мал әмбебап өнім. Бірақ оның пайдасы мен зияны туралы даулар толастамауда, деп хабарлайды aif.ru сайтынан.
       Бір кездері жұмыртқаның сарысы зиянды холестерин көзі деп мойындалған. Шынында да, орташа көлемді әр жұмыртқа құрамында 350-400 мг холестерин бар, ал холестеринді тұтынудың рұқсат етілген күн сайынғы нормасы ер адамдар үшін 390 мг және әйелдер үшін 290 мг тең. Сондықтан адамдарға күніне әрі кеткенде 2 тауық жұмыртқасын жеуге және жұмыртқаның сарысын жемеуге кеңес берілген.
       Бірақ, екінші жағынан алып қарағанда, дені сау адамға астан келетін холестерин қауіп туғызбауы тиіс. Сондықтан холестеринінің артуымен ауырмайтын адамдарға аптасына 5-6 жұмыртқа жеуге болады. Сонымен қатар, жұмыртқаны пайдасы олардың зияны туралы дәлелдерден асып түседі және күмәнсіз болып табылады.
       Жұмыртқа пайдалы, себебі олардың құрамында негізі дәрумендер мен минералдарды және антиоксиданттарды қосқанда ағзаға қажетті көптеген дәрумендер бар. Жұмыртқа адамдардың ақуызды, А, B6, B12 дәрумендерін, темір, фосфор және қалайыны тұтынуының 12%-дық тәуліктік нормасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тауық жұмыртқасының сарысында кальций, калий, кобальт, йод және мыс бар.

       Фаст-фуд: Денсаулықтың қауіпті жауы

tories/hamburger.jpg» width=»300″ height=»250″ alt=»hamburger» style=»float: right;» />

       Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Олардың денсаулыққа әсері қандай? Бұл сұраққа Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары жауап береді. 

Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді көреді. Көбіне адамдар фаст-фудты тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігімен байланыстырса, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. 

       Алайда екінің — бірі бұл тамақтың зиянды екенін ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока-коламен шөлін басады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда-санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, бірақ өте қауіпті. 

       Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. 

       Көбі фаст-фудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Бірақ кейде фаст — фуд тағамдарын сататын дүкеншелерге кіргенде, осындай тағамдарды тек өздері ғана емес, басқа да адамдар сатып алып жатқандарын көріп жеңіл дем алып, қуанады. Басқалары осылай істесе, онда бізге де ештеңе болмайды деген пікір қате деуге болады. 

Орта жастағы адамдар денсаулыққа пайдалы тағамдар жеп ішсе, қазіргі жастар фаст-фудты жеп өсулері мүмкін. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фаст-фуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады. Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ?! 

       Егер сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. 

       Дәрігерлердің айтуынша фаст-фудпен тамақтануға болмайды. Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. 

       Несімен қауіпті деген сұрақ туындайды? 

       Фаст-фуд тағамдарында дайындау кезінде 1-ші орында маргарин көп мөлшерде қолданылуымен қауіпті. Мамандардың айтуынша: сары майдың маргариннен айырмашылығы, маргарин — бұл жасанды өнім, оның құрамында жасанды транс –майлар бар.

      Кейбір адамдар фаст-фуд денсаулыққа зиянды әсерін біле тұра бас тарта алмайды. Оларда психологиялық тәуілділік бар екенін мойындайды, осындай күй нашақорларда болады. Ғалымдардың пікірлерінше фаст-фуд тағамын көп мөлшерде қабылдауы шынымен химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Қандай да болмасын фаст-фудқа дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады. Осы қоспалар арқылы тамақты дәмді етіп, көп мөлшерде тамақтануға әсерін тигізеді.

       Егерде сіз фаст-фудтың ағзаға кері әсерін түсініп, тәуелділік ауруын сезінсеңіз осы кеңестер сізге қажет болар:

       Біріншіден, фаст-фудтан біртіндеп бас тартыңыз. Әпсәтте бас тарту қиынға соғады. Осындай тағамдарды күніне 1 рет жеңіз, кейін жұмасына 1 рет, кейін мүлдем бас тарта аласыз.

       Екіншіден, егерде сіз бір дәмханада тез тамақтануға үйреніп қалсаңыз және де сіздің уақытыңызды үнемдеуге ыңғайлы болса, колорийі жоғары емес, майлы емес тағамдармен тамақтаныныз.

      Үшіншіден, фаст-фудты түнге жеу — бұл сіздің асқазаныңызға қылмыс екенін есте сақтаңыз. Егерде сіз күні бойы тамақ ішпей жұмыс күнінің аяғында аш қарныңызды тойғанша толтырсаңыз бұл сіздің асқазаныңызға өте ауыр жүк.


Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика