tories/icab3gx2k.jpg» width=»269″ height=»146″ /> Бұлай болуы мүмкін бе? Негізі, солай болуы керек! Мұндай байлам біреулер үшін мүмкін еместей көрінуі де мүмкін, бірақ денсаулық- бұл жетістігі мол бизнестің бір кілті. Бүгінде денсаулық пен бизнес синоним сөздерге айналды, бұл өте дұрыс. Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам ғана дәрігер іздеп сабылмай өзінің ісіне уақытының басым бөлігін ынты-шынтысымен жұмсай алады. Кому-то это может показаться странным, но здоровье – это один из ключей успешного бизнеса. Одан кейін бизнес дегеніміз- бұл адамдар, адамдар дегеніміз өзара байланыс: сізді алғаш көргенде әріптесіңіз, болашақ клиенттеріңіз қандай әсерде қалды, бұл өте маңызды. Адам жадысында қалған жағымды әсер іскер байланыстарды жалғастыра түсуге итермелейді. Сондықтан да бүгінде денсаулыққа көп көңіл бөлу бірінші кезекке шығып отыр.
Іс жүргізу оңай емес, есеңгіретіп кететін жағдайлар көп кездеседі, денсаулық қайдан болсын деушілер де табылуы мүмкін. Несі бар, жоғары сапалы өмір сүру үшін ТӘУЕКЕЛГЕ бел бууға болады. Өкінішке орай біз көп жағдайды, табыс табуды мақсат етеміз де , өмір сүру сапасын жақсартуды ұмытып кетіп жатамыз. Мынаны естен шығармайық, біз бақуатты өмір сүру, жақсы тамақтану, демалу үшін жанымызды салып жүрген жоқпыз ба?…
Егер уақыт тапшылығын алға салып, себеп іздер болсақ, дұрыс тамақтануға уақыт жоқ, сондықтан да жартылай дайын тағамды тұтынамыз, бұл-ыңғайлы немесе уақыттың жоқтығынан демалыс күндерін де өзімізге қимайтындай нағыз сараңға айналамыз. Біз тапқан табысымызға емес, тапқан табысымыз бізге үстемдік жасай бастайды. Жұмысқа байланысты басқосулар, ресторан… Бұларда денсаулық үшін емес, біреудің көңілін табу үшін.Ыңғайға жығылу-барлық уақытта пайлалы емес! Не істеу керек? Мұндай жағдайдан шығар жол бар ма?Бар, әрине, және ол Сіздің жаныңызда жүр!Алдымен тынымсыз тірліктен бір ауық қол үзіңіз, содан кейін ойланыңыз!. Алғаш,
ісіңізде ашып , табыс табамын дегенде нені армандап едіңіз? Бизнеспен не үшін
айналыстыңыз? Отбасыңызды ойладыңыз, бала-шаға қатарынан кем болмасын дедіңіз, уайым-қайғысыз қарттық туралы ойладыңыз… Бәрі дұрыс, бірақ мынаны ұмыттыңыз, қарттықтыңда өзіндік сыйлар бақытты кездері бар, оны көру үшін адамның дені сау болу керек.
Бизнеспен айналыса жүріп те толыққанды өмір сүруге болады; отбасының, достардың қуанышына ортақтаса жүріп, демалып, ел көріп,
жер көріп, барыс-келіс жасап т.б. Ақша-ақша үшін. Егер осындай ұстанымда
болсаңыз, тығырыққа тірелгеніңіз, тапқаныңыздың қызығын сіз емес басқа көреді. Егер ақшаны қайда салуды ойласаңыз, ең тиімдісі, ол-денсаулық. Денсаулыққа ақша сала отырып сіз, өз бизнесіңізді қаржыландырасыз. Мұндай салым қай уақытта болсын өте тиімді. Егер сіздің көңіліңіз көтеріңкі, жүзіңіз жарқын, нұрлы болса әлеуметтік ортада жағымды көрінесіз (аурумын деп ыңылдаған адамды кім жақсы көреді) ,бизнесіңіз де солай жағымды бағытта дами береді. Сіздің жетістігіңіздің көрсеткіші соңғы үлгідегі керемет көлік емес, сырт келбетіңіз, жасыңыз ұлғайған сайын оның қадірі арта түседі. Дүние келеді , кетеді, сондықтан да онымен ешкімді таңқалдыра алмайсыз, ал сырт келбетіңіз ол барлық уақытта тартымды болуға тиіс. Мұнан асқан брендтің керегі жоқ. Ауру адам ешуақытта бақытты болып көріне алмайды. Байқаған боларсыздар, бақуаттылық (дүниеге қатысты) өмірлік құндылық тұрғысынан келгенде соңғы орында тұр. Бұл байлық керек емес деген сөз емес, ол сөзсіз керек, бірақ ол өзіне емес сіздің денсаулығыңызға қызмет етуі керек. Денсаулық – ол өмір, жағымды көңіл-күй,қуану, қуанту, қуанышға ортақтасу, достық, қайырымдылық, кең пейіл, сенім. Бұл үшін не істеу керек? Көп емес: өзіңізге осылай істеуге рұқсат етіңіз. Бұл сіздің жан-дүниеңіз үйлесім тапқанда ғана мүмкін болады. Иә, адамның жанына да азық керек, бұл туралы ұмытпаңыз. Егер сүйікті ісіңіз болса, уақыт бөліңіз, жаныңыздың рахаттанады. Мейрамхана, казино туралы айтып отырған жоқпыз. Бұл демалудың түріне жатуы мүмкін, бірақ негізгісі емес. Сіз нәтижесі қуаныш сыйлайтын іске ұмтылыңыз.Біздің денеміз сымбатты болу үшін сапалы тағам, бұлшық еттерге арналған физикалық жаттығулар керек. Жүйке жүйесіне де үнемі қолдау керек. Біз стрестік жағдайларға қарсы тұра білуіміз керек, ең басты қарсылық ол қандай жағдайды болмасын сабырмен «дұрыс» қабылдау. Бәрі өтеді. Психологиялық техникалар қолдану арқылы жүйкені шынықтыруды әдетке айналдыруға күш салыңыз. Біздің ағзамызда бар аурулар стресті жағдайлардың нәтижесі. Оның алдын алуға болады. Не істеу керек? Алдымен зор денсаулықпен жетістігі мол бизнес үйлесімді болу үшін негізгі қағидаларды өзімізше анықтап көрейік.
1.Егер сіз ісім жемісті, жетістігім көп болсын десеңіз, тапқан ақшаңызды денсаулығыңызды жақсартуға жұмсауды үйреніңіз. Таңертең күліп ояныңыз, тағы бір жаңа күнді көрдіңіз және жағымсыз ойларға ерік бермеңіз.
2. Денеңіздің саулығына үнемі көңіл бөліңіз. Физикалық жаттығулар жасаңыз, спорт залдарына барыңыз. Егер бұл күн сайын қайталанатын болса сіз
денеңізді ғана емес бизнесіңізді де шынықтырып, жаңа белестерге көтеріп жатқаныңыз туралы ойға үйренесіз. Тартымды сырт келбет- бизнесті тиімді жүргізудің кепілі.
Мынау есіңізде жүрсін: Мықты денсаулық- бұл керемет!
3. Ас-дәміңізге көңіл бөліңіз. Не жеп жүрсіз-бұл туралы біліп жүру керек. Сапалы, табиғи азық-түлік тұтыныңыз. Дәрумендер, минералды қосымшалар ішуді ұмытпаңыз. 4. Қол жеткізгенді қанағат тұтпаңыз, алға ұмтыла түсіңіз. Жаңа белестерді бағындыру үшін білім, өзіңді жетілдіре түсу керек болады, серіктес іздейсің. Бұл – ізденіс, өзің үшін жаңалықтар ашасың, бұл сымбатты әрі, бақуатты болуға ынталандыра түседі.
Дайындаған
Б.Жақсыбекқызы
«Қызмет» ақпарат
{jcomments on}
Leave a Reply