Түйе зәрі мен исламның арасы

tom: 0pt;»>tories/icaxkspnm.jpg» width=»225″ height=»149″ />Ордабасы ауданында түйе бағатын ауыл бар. Бұрынырақта «Сегіз там» аталатын, бүгінгі атауы «Саналы». Елмен бірге нарық заңына ілескен бұл елдімекенде де бәсекеге қабілетті орта қалыптаса бастаған. Ауылдықтардың  негізінен өсіретіні түйе де, өндіретіні сәйкесінше шұбат. Денсаулыққа пайдасы зор сусынды облыс орталығы, тіпті көрші облыстардан да  тапсырыс беріп алып кетіп жататындар баршылық. Тұрғындар күнкөрісін осылай түгендейді. Түйе басы көбі ірі-ірі тапсырыстар алса, санаулы түйесі барлар жол бойына шығып жолаушының сусынын қандырып, сауабын алады. Бір-екі түйесі бары онға жетсе деп күш салады, ал он түйесі  шаруашылығын одан әрі дамытып, ірілендіруге ынталы. Сұранысты реттеп отыру да әдетке айналған бүгінде. Ширек ғасырдан астам түйе сауып, отбасын қала берді ауыл аймақты ақтан айырмаған Гүлсім апа шұбаттың денсаулыққа өте пайдалы екенін естіп жүргендерден емес, күнделікті өмірден көріп жүр. Қазіргі таңда түйенің сүтіне ғана емес зәріне де зәрулік бар екен. Мың бір дертке ем деседі. Зәру затты ем іздегендердің көрші Қызылорда, сонау Түркімен елінен арнайы келіп, тәуліктеп күтіп алып кетіп жатқанын осы ападан естідік. Зәрге зәруліктің қандай себептерден туатынын түсініп көруге тырыстық.

tom: 0pt;»>                 Түйе зәрімен исламның арасы

tom: 0pt;»>           Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) : «Шын мәнінде Аллаһ Тағала ауру-сырқат жібереді, онымен бірге емін де жібереді..» Ежелде, медициналық залалсыздандырушы заттар пайда болмай тұрып, арабтар өз жараларын жас түйе (тайлақ) зәрімен тазалап залалсыздандыратын. Оған қосымша, денесінің әлсіреуін немесе ішектегі ауырсынуды сезгенде олар түйе зәрі мен сүтін ішіп дерттерінің жазылуын байқаған.

tom: 0pt;»>Әл-Бұхари жеткізген хадисте: «Муса бин Исмаилдің Анастан естуі бойынша, Мадинаға келген бір топ адам сырқаттанып қалғанда, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға түйе зәрі мен сүтін ішуге әмір еткен, олар соны ішіп дерттерінен жазылып кеткен» делінген.

tom: 0pt;»>           Одан басқа, бедуиндер тіс ауруларының емі ретінде ауыз қуысын түйе зәрімен шайып тұрады. Түйе зәрімен басын жуады, одан шаштары қалыңдап, қайызғақ жоғалады. Және де түйе зәрі биттен арылуға көмектеседі.

tom: 0pt;»>          Мұрын қуысының қабынуының емінде олар түйе зәрін, әсіресе жас түйе (тайлақ) зәрін қолданады.

tom: 0pt;»>Арабтар жас түйе (тайлақ) зәрі мен бірінші рет туған інген (нармая) сүтін араластырып, оны «әл-макшура» деп атап, бірнеше аурудың емінде қолданатын болған. Көз қабынуын емдеу үшін олар шөл далада жайылып жүрген жас інген (нармая) зәрімен көздерін жуып, жаралар мен жарақаттарды емдеу үшін жас інген (нармая) зәріне алоэ араластырып, сол қосындыны жараның үстіне жағып, Аллаһтың құдіретімен дерттерінен арылатын еді.

tom: 0pt;»>          Шөл даланың арабтары түйе зәрін адам денесіне, басына шығатын сыздауық пен жаралардың ең жақсы емі деп санайды. Және де қызбасы бар науқасқа әртүрлі қоспалары бар түйе зәрін ішкізеді. Аллергия және тұмау кезінде олар цитрус өсімдіктерімен қоректенетін түйе зәрімен дем алады.

tom: 0pt;» align=»center»>Түйе зәрі мен сүтін заманауи зерттеу нәтижелері

tom: 0pt;»>          Зертханалық талдаулар Түйе зәрі мен сүтін зертханалық талдау нәтижесінде 1 литр түйе зәрінің құрамында мынадай заттектер барын анықтаған:

tom: 0pt;»>10 грамм протеин (ақуыз)

tom: 0pt;»>27 грамм азот

tom: 0pt;»>7 грамм альбумин (нәруыз)

tom: 0pt;»>10000 миллиграмм несіпнәр

tom: 0pt;»>29 миллиграмм креатин

tom: 0pt;»>245 миллиграмм зәр қышқылы

tom: 0pt;»>108 грамм креатинин

tom: 0pt;»>248 миллиграмм натрий

tom: 0pt;»>8000 миллиграмм калий

tom: 0pt;»>12 миллиграмм кальций

tom: 0pt;»>246 микрограмм магний

tom: 0pt;»>59 микрограмм мыс

tom: 0pt;»>58 микрограмм темір

tom: 0pt;»>22 микрограмм мырыш

«Вазарин» препараты

tom: 0pt;»>Анас ибн Малик жеткізген хадисте Укаль немесе Урейнадан Пайғамбарымызға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келген бір топ адам Мединаға жетіп ауырып қалғанда, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға қаладан шығуларын және түйе зәрі мен сүтін ішулерін бұйырған.

tom: 0pt;»>        Осы хадиске байланысты Құран және сүннеттің ғылыми тұрғыдағы кереметтілігін, құпияларын ашу үшін жүргізілген зерттеулер Құранның «Әл-Ғашия» сүресінің : «Түйелер қалай жаратылғанын олар байқамай ма» деген 17 аяты және Ибн Аббас жеткізген «Шын мәнінде түйе зәрі мен сүтінде ем (шипа) бар» деген Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисіне негізделген.

tom: 0pt;»>          Зерттеу нәтижесінде түйе зәрі мен сүтін бірнеше аурулардың емінде қолдануға мүмкін болатын керемет мәліметтер анықталды.

tom: 0pt;»>            Абдулазиз патша университетінің Ахлям әл-Авады атты докторы түйе зәрінің саңырауқұлақ және бактерияларға әсерін зерттеген. Зерттеу нәтижесінде түйе зәрінен «Вазарин» деген препарат жасалды. Ол препарат кең спектрлі антибиотик ретінде қолданылуы мүмкін, және де ол саңырауқұлақтарға,
бактерияларға, ашытқы бактерияларға қарсы, экзема, аллергия, қабыну, жарақат, күйік, псориаз, тырнақ және саусақ саңырауқұлағы деген тері ауруларының емінде өз тиімділігін дәлелдеді. Айтылған препарат жоғарғы дәрежелі қауіпсіздігімен, жанама әсерінің жоқтығымен, төмен бағасымен танымал.

tom: 0pt;»>          Мухаммадани Ахмад Абдулла іш құрсағына көп мөлшерде сұйықтық жиналған 15 науқасты 15 күнге созылған эксперименталды зерттеу жүргізген. Ол әр науқасқа күніне белгілі мөлшерде түйе зәрі мен сүтінің қосындысын беріп отырған. Эксперимент жасалған күнде ғажайып нәтижеге қол жетті – іштің ісінуі жоғалып, науқастар өз дерттерінен толық жазылып кеткен.

tom: 0pt;»>          Зерттеуге қатыстырылған бауыр циррозына шалдыққан  25 науқастың 15-нің бауырын май басқанда, қалғандарының ауруының себебі бильгарциоз болған. Оларға күнделікті белгілі мөлшерде түйе зәрін беріп ем жүргізген, нәтижесінде бұл емнің науқастардың бәріне пайдасы тиген. Кейбіреулері түйе зәрін қабылдауды 2 айға жалғастыруды қалап, ол мерзім өткеннен кейін зерттеу нәтижесінде олардың дерттерінен толық жазылғандары дәлелденді.

tom: 0pt;»>                        Бауыр мен бүйрек ауруларын қалай емдейді?

tom: 0pt;»>Бауыр және бүйрек ауруларының емі 21 күннің ішінде аяқталуы мүмкін. Ол үшін күніне 2 рет (азанда және кешке) 100 миллилитр түйе зәрін қабылдайды. Оған қосымша зәйтүн майымен дайындалатын емдәм тәртібін сақтау қажет, әсіресе түйе зәрін қабылдаудан 4 сағат бұрын және 4 сағат кейін ешнәрсе жемеу керек.

tom: 0pt;» align=»center»>Түйе зәрі мен сүтінің қатерлі ісік емінде қолдануы

tom: 0pt;»>       «Тарик әл-хидая фи дар махатыйр әл-жын уаш-шаятыйн» кітабының авторы бір топ бедуиндердің лейкемияға (қанның қатерлі ауруы) шалдыққан 4 науқасты емдеп шыққанын естігенін айтады. Ол науқастардың кейбіреулері жазылып кетулерінен күдер үзіп Лондоннан келген, кейбір жандарға жазылуға мүмкіндік жоқ екенін және лейкемиядан қайтыс болатындарын хабарлаған. Бірақ Аллаһтың құдіреті мен мейірімі адамдардың түсінігінен әлдеқайда жоғары. Сол науқастар бір топ түйе бағушыларға келгеннен кейін, оларды шатырларға орналастырып, 40 күнге тамақтануға тыйым салынып оның орнына цитрус өсімдіктерімен қоректенетін тумаған жас түйенің зәрі қосылған жас інген сүтін қабылдаған, себебі оның пайдасы көбірек және емдік қасиеті жоғары. Сол науқастар дерттерінен толық жазылған, олардың біреуі өзін жасарғандай сезінген, әрине ол Аллаһтың мейірімі. Осыған ұқсас, қазіргі заманғы медицина емдей алмаған қатерлі ісігі бар науқастардың Аллаһтың көмегімен бедуиндерге барып жазылып кеткендері туралы бірқатар мәліметтер болған.

tom: 0pt;»> Емді қолдану тәртібі: кофе ішетін шыны мөлшерінде шөл далада жайылатын жас інгеннің зәрінен (3 ас қасық) алынып, 1 кесе түйе сүтімен араластырылып, аш қарынға қабылданады.

tom: 0pt;»>          Түйе сүтінің көкөніс пен жемістердің орын алмастырушы тағам екені ғылыми дәлелденген. Онда витамин және тұздардың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда 3 есе, әйел сүтімен салыстырғанда – 1,5 есе жоғары. Түйе
сүтіндегі казеин протеиннің 70% құрайды, бұл оның жоғары тиімділігі мен адам ағзасында тез сіңірілуін қамтамасыз етеді. Түйе сүті пайдалылығы және құрамы жағынан әртүрлі болуы мүмкін, ол інгеннің генетикасына, сауу уақытына, інгеннің жасына, тамақтану түріне, қабылдайтын сұйықтық мөлшеріне байланысты.

tom: 0pt;» align=»center»>Түйе сүтінің құрамы

tom: 0pt;»>         Түйе сүті сілтілі болып саналады, бірақ аз уақыт тұрып қалса қышқылға айналады. Оның дәмі өте тәттіден ащыға дейін өзгеріп тұрады. Оның құрамында протеиндік (ақуыздық) компонент (4-25 %), қатты заттар (10-15%),
майлар (2-3%), қантты заттар, оның ішінде лактоза (3-6%), натрий хлориді
(14-27%), минералдар – темір, кальций, фосфор, В2 және С витаминдері бар.

tom: 0pt;» align=»center»>Түйе сүтін қолдану

tom: 0pt;»>         Түйе сүті туралы бедуиндердің: «Ол шөлді және аштықты қуады» деген мақалы бар. Олар біреуге сүт беріп тұрып : «Оған сүт бер де, жамандықтан қорға» дейді. Арабтар түйе сүтін желшешек, түрлі жарақаттар, тіс, асқазан ауруларында және улануға қарсы қолданған. Сапасы жоғары сүт деп денсаулығы мықты, жақсы жерде жайылған, таза су ішкен інгеннің босанғаннан кейін 40 күннің ішіндегі, ақ түсті, жақсы иіспен дәмі бар, тәттілігі және майлылығы орташа сүтті айтады. Түйе сүті қанның тазарып жаңаруына, құрғақ сусызданған дененің қалпына келуіне, көңіл-күйдің жақсаруына көмектеседі. Егер түйе сүтін балмен қосып ішсе, ол ішектердің іріңді жараларын емдейді. Егер түйе сүтін қантпен қосып ішсе, ол терінің тазаруына, түсінің жақсаруына көмектеседі. Және де түйе сүті көкірек қуысы ауруларында, әсіресе өкпе қабынуында (пневмония) пайдалы. Туберкулезбен ауыратын науқастарға
түйе сүтін ішкен өте пайдалы. Әр-Рази : «Түйе сүті бауыр ауруларына және
көңіл-күй бұзылыстарына ем» деген. Ибн Сина өзінің «Әл-Канун» кітабында: «Шын мәнінде түйе сүті – пайдалы дәрі, себебі оның құрамы анық және арнайы
қасиеттері бар. Бұл өте пайдалы сүт, егер адам оны су және тамақ орнына
қабылдап жүрсе, ем табады. Бұл араб еліне келіп, түйе сүтін ішіп, ем тапқан
адамдармен дәлелденген». Түйе сүтін ем ретінде қабылдап жатқан науқасқа оны
түскі ас орнына ешнәрсе қоспай ішкен абзал, одан кейін толық тыныққаны дұрыс. Жаңа сауылған шикі сүт асқорыту жүйесін тазартатын, іш жүргізетін ең жақсы әдіс болып саналады.

tom: 0pt;»>       Сырым Ақылбек

tom: 0pt;»>Бетті дайындаған: Нұрлан Әлімбаев

tom: 0pt;»>«Қызмет» ақпарат

tom: 0pt;»>{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика