Кәдімгі түймешетен

        Пижма обыкновенная – Тanacetum vulgare L.    
        Астрагүлділер тұқымдасы  
        Семейство Астровые – Asteraceae
        Cипаттамасы. Биіктігі 50-150 см жететін көп-жылдық шөптесін өсімдік, ұзын тамырсабақты, жі-ңішке шашақ тамыр. Сабақтары түзу, көп, аздап түкті немесе жалаң. Жапырақтары ұзын жұмыртқа тәрізді, екі иәрте қауырсынды салаланған, ең төменгілері сағақты, қалғандары отырмалы. Гүл cебеттері 10 – 70 (100), олар жарты шар пішінді, жоғарғы беті жазық, диаметрі 5 – 8 мм, сабағының жорғарғы бөлігіндегі дәнжарнаққа орналасқан. Сыртқы жапырақ орамы жұмыртқа – ланцет тәрізді, үшкірленген, ішкілері ұзынша жұмыртқа секілді, дөңес, ұштары және шет жиектерінде ашық және қоңыр сызықтары бар. Барлық гүлдері сары, түтікшелі. Жемісі ұзын, тұқымының шеттері аздап тісті, кейде тегіс. Шілде – қыркүйек айларында гүлдейді, тұқымы таиыз – қазанда пісіп жетіледі. 
Медицинада гүлшоғын пайдаланады. 
tories/Tanacetum_vulgare_bgiu.jpg» width=»200″ height=»180″ alt=»Tanacetum_vulgare_bgiu» style=»float: right;» />
        Таралу аймағы. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі, бірақ құмды шөлейтті ыстық жерлерде өспейді.
        Экологиясы. Орман және дала аймақтарында, өзен жағалауында, тау етектерінде, тау арасындағы ойпаттарда, жол бойында, арамшөп ретінде егістікте, тыңайған жерлерде, таудың орман белдеуінде, субальпі шалғынында өсіп — өнеді. 
        Қоры. Өндірістік дәрілік шикізат қоры Шығыс Қазақстанда 16,8т, Ертіс өзенінің бойында (су жайылмасы), Павлодар облысы бойынша 0,8 т.
        Химиялық құрамы. Өсімдікте игілік заттар, танацет, галус, басқа органикалық қышқылдар, минералды заттар, қант, шайыр (камедь), хлорофилл, бояулық және сығынды заттар, флавондар – гликозид, шыны майлар, алкалоидтар, ащы заттар – танацетин, эфир майы – оның негізін 70 процентке дейін кетон, туйон құрайды. Сол себепті өте улы. Туйоннан басқа борнеол, пинен, камфора бар екені анықталды. Себет гүл шоғырында – флавоноидтар (лютеолин, кверцетин), илік және ащы заттар бар. 
        Қолданылуы. Гүл шоғыры ертеден ішек  құрттарын айдайтын дәрі болып есептеледі. Өсімдік препараттарымен бауыр, өт жолдары, ішек – асқазан ауруларын ерте заианнан бері емдейді. Ұлтабар және қарынның жарасына қарсы өте жақсы дәрі. Тұндырмасы тәбетті қоздырады.

        Халық арасында түймешетен препараттарын қыз-баға қарсы, өте мол етеккір келгенде, жүрек демікпе-сін емдейді. Сақина (мигрень), буының сырқырауы, геморрой ауруларымен ауырғанда ыстықты басып, тер айдайтын, одан басқа қан ағуын тоқтату, қояншық, сарыауру, безгек ауруларына пайдаланады.
        Тұндырмасымен компресс және бұлау (ванна) арқылы халық емшілері буынның қабынуын (ревматизм, подагра), буын шығу (вывих), соғып алу ауруларына, ал гүлі, жапырағы, бұтағы жәндіктерді (насекомдарды) құртуға (қандала, тарақан, т.б.) қолданады. Халық емінде оның препараттарымен ревматизмді, подагра, бас ауруын, бас айналуын, асқазан қабынуы, қояншық, ұстамалы жүйке ауруы (истерия), қарын жарасы, шемен (водянка), жүрек қызыметінің бұзылуы, іріңді жарақатты, жараны, қотырды, ұрып алғанда, ал гомеопатия әдісімен қояншық ауруын емдейді.
        Бұл өсімдікті мәдени түрде өсіруге болады. Екіқабат әйелдерді және жас аналарды түймешетен препараттарымен емдейді. Себебі, өсімдік улы, сақ болу керек.
 
Ж.С.ТОҚСАНБАЕВА, 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, фармакогнозия және химия кафедрасының профессор м.а., фарм.ғ.к.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика