Ата-аналар мен дәрігерлер балаларға дәріні тым көп береді екен

tories/img-7.jpg» width=»200″ height=»200″ alt=»img-7″ style=»float: right;» />

       Қазақстандық педиатрлар мен ата-аналар балаларды тұмаудан, не суық тигеннен емдегенде дәріні шамадан тыс көп қолданады, деп мәлімдеді Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Ғалия Құттықожанова.
       «Бала жөтелсе, түшкірсе болды, «Виферон» сияқты препарат қолданылады. Ол нан мен су сияқты болып қалды. Олай етуге болмайды», деді ол Алматыда сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
       «»Виферон» тамаша дәрі, бірақ оны ауру қатты асқынған жағдайда ғана қолдану керек», — деді ол.
       Сонымен қатар ол балаларға қызуды басу үшін құрамында аспирин бар препараттарды беруге болмайтындығын атап өтті.
       «Құрамында аспирин жоқ дәрілерді пайдалану керек. Әйтпесе бала стационарға ауыр халде түсуі ықтимал, өліп те кетуі мүмкін. Витамин ретінде аскорбин қышқылын пайдалануға болады», — деді ол.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика