Уланудан абай болыңыз!

Құрметті оқырман, осы тақырыпты назарыңызға ұсынуымыздың себебі соңғы кезде Шымкент қаласында тұрғындардың үй-жайларына түрлі жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дезинфекциялық өңдеу жүргізу нәтижесінде улану жағдайлары тіркеліп отыр. Егер де, үйлеріңізде түрлі жәндіктер мен кеміргіштер пайда болған болса, өз бетінше дезинфекциялық өңдеу жүргізуден аулақ болыңыз.

Өз бетінше дезинфекциялық өңдеу жүргізу өзіңіздің отбасыңыздың, туысқандарыңыздың, көршілеріңіздің денсаулығына зиян келтіріп, кейбір жағдайда өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Дезинфекциялық өңдеу жүргізу алдын келесі ережелерді сақтау қажет:

-ең алдымен, үйіңізде, пәтерде дезинфекциялық өңдеуді жүргізетініңіз туралы көршілерді міндетті түрде ескертіңіз;

-дезинфекциялық өңдеуді дезинфекция, дератизация және дезинсекция бойынша кәсіби дайындығын растайтын куәлігі бар арнайы маман жүргізуі тиіс;

-жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық Одақтастық аумағында қолдануға рұқсат етілген дез.құралдар пайдаланылуы тиіс және дезинфекциялық құралдың мемлекеттік тіркеуден өткенін растау құжаты болуын талап етіп, оның жарамдылық мерзімін тексеруді ұмытпау қажет.

Дезинфекциялық құралдар қауіптілігіне қарай түрлі топқа бөлінетіндіктен, сатып алар алдын арнайы маманмен кеңесу қажет.

Е.Рысқұлов

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика