Су-өмір бұлағы

Адам ағзасының екіден үш бөлікке жуығы судан тұратыны белгілі. Ми жасушаларының 85 пайызы , қаңқа сүйегінің 25 пайызы судан тұрады. Адам тағамсыз 5-7 апта өмір сүруі мүмкін, ал сусыз 1 аптадан көп уақыт өмір сүре алмайды. Ағза шектеулі мөлшерде түскен суды үнемді пайдалануға тырысып, көбінесе маңызды ағзаларға , яғни, ми, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрекке бағыттайды. Бірақ, мұндай бөліп таратудың нәтижесінде басқа да көптеген мүшелер мен тіндер: тері қабығы , асқазан ішек жолдары, буындар және т.б зардап шегеді. Судың жеткіліксіздігінен қан тамырларында өзгеріс болады, олар тарылады да артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі. 

Бұдан басқа , суды жеткілікті мөлшерде қабылдау ағзаны жасартады. Сырттай бұл әжімдердің тегістелуімен және тері серпімділігінің жақсаруымен көрінеді. Бірақ бұдан да маңыздысы , суды қабылдау арқылы, ми қызметінің , әсіресе, жас ұлғайған сайын төмендейтін ақыл-ой мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етеді. Сондықтан, судың тапшылығы бас миының белсенділігін төмендетеді.
Қандай суды ішу керек және оны қалай сақтау қажет
Әрине , ең дұрысы – таза бұлақ суын ішу. Ол өте пайдалы.
Су құбырындағы су құрамында ағза үшін зиянды хлор және басқа да өнеркәсіптік тазарту заттары болады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік тазартудың өзіде бактериялардың жоқтыгына әрдайым кепілдік бере алмайды. Пластикалық шөлмектердегі сатылатын суда поливинил хлориді және бисфенол сияқты уытты қоспалар болуы мүмкін. Олар азық-түлік дүкендерінің сөрелерінде сақтау барысында-ақ жиналады. Сондықтан, суды өздерінің сүзгіден өткізіп , аз уақыт қана сақтаңыз және оны пластикалық контейнерлердеемес, шыны ыдыстарда сақтағаныңыз дұрыс.
Денің сау болу үшін қанша су ішу керек
Көріп тұрғандарыңыздай, таза судың пайдалы екендігі анық.
Енді оны қанша мөлшерде ішу керек екенін білу қажет. Орта есеппен күнделікті 1,5-2 литр таза, фильтрленген, газдалмаған су ішу ұсынылады. Бірақ, ол өзгеруі мүмкін. Мысалы, дене салмағы 55 килограмм әйелге бір жарым литрге дейін су ішу ұсынылса, дене салмағы 100 килограмм ер адамға күнделікті 3 литр су ішкен дұрыс. Әрине, ішер судың мөлшері климатқа, еңбек жағдайына және өмір салиына байланысты. Ыстық климат жағдайында , тер бөліну арқылы жоғалатын судың орнын толтыру үшін көп мөлшерде су ішу керек. Сонымен бірге, суды көп мөлшерде спортпен шұғылданғанда немесе физикалық еңбекпен айналысу уақытында ішкен дұрыс. Суды күні бойы біркелкі бөліп қабылдап, ұйықтар алдында шектеу керек. Шөлдегенде күтудің қажеті жоқ, себебі, шөл- су жеткіліксіздігінің белгісі болып табылады. Түскі немесе кешкі ас уақытында бір стақан бөлме температурасына сәйкес суды ішкен жеткілікті.
Шәй мен кофеге келсек , оларды аз мөлшерде күніне екі кесеге дейін қабылдаған жөн. Шәйдің құрамында қан жасушаларына қажет темірдің сіңуіне кедергі жасайтын заттек болады. Бұл, әсіресе, жас әйелдерде анемияны дамытуы мүмкін. Сондықтан тәттілерді қабылдаумен қатар жиі шәй ішуді күш-қуат пен көңіл-күй беретін сізді жасартатын бір стақан сумен алмастырған дұрыс. (Профессор А. Шарманның материалдынан).

Салауатты тамақтану департаменті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика