Ауру ашатұяқтыларға тән, әсіресе бұл ІҚМ өкілдеріне (ірі қара мал, қой, шошқа) қатысты, аусыл ауруы вирустық сипатқа ие, безгекпен, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, желінінде, сонымен қатар терінің жүн өспеген жерлерінде болатын көпіршіген экзантемамен сипатталады. Ірі қара мал үшін аурудың басты белгісі – көп мөлшерде сілекей бөлінуі. Бұл ауру адамға да беріледі.
tories/2d1407e4fcd41195de4ab7a01839b445.jpg» width=»300″ height=»200″ alt=»2d1407e4fcd41195de4ab7a01839b445″ style=»float: right;» />
Аурудың тарихы
Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Эпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған.
Өте кіші көлемдегі фильтрленетін вирус аусыл тудырады. Лёффлер мен Фрош 1897 жылы жануарларда анықталған бірінші вирусты ашты. Жүн жамылғыда аусыл вирусы 30 күнге дейін сақталады, мал азығында 30-дан 150 күнге дейін, жүнде 14 күн, теріден тігілген аяқ киімде 80 күн, ал резина аяқ киімде 100 күндей, құмда 15 күн және т.б. Вирус елдің бір шетінен екінші шетіне немесе бір елден екінші елге оңай көшіріледі, себебі ол жануарлар арасында суаруға арналған шелектер, адамның киімі мен аяқ киімі, оның қолдары, әсіресе, көп мөлшерде сілекей бөлінуі байқалған ауру жануарлар арқылы тез беріледі
Жануарларға зертханалық тәжірибелер жасау үшін көбінесе жас тышқандар мен теңіз шошқаларын пайдаланады. Аусыл тарауының маңызды себептерінің бірі – жабайы егеуқұйрықтар. Аусылдың негізгі белгілерінің бірі оның көп түрлілігі. Ауру вирустардың әртүрлілігімен тудырылуы мүмкін. 40 жылдан астам уақыт бойы Еуропа континентінде вирустың 3 түрі белгілі: А, О, С олардың әрқайсысының түрлері көп. А типінің 28 түрі, О типінің 11, ал С типінің 4 түрі бар.
Вирустың осы 3 түрі тудыратын ауру белгілері ұқсас болғанымен, олардың антигендік қасиеттері әртүрлі. Себебі, вирустың бір типін жұқтыру арқылы ауырған немесе оған сол типке қарсы еккен жануарда вирустың басқа түріне иммунитет болмайды.
Англиядағы (Пирбрайт) институттың қызметкерлері Брускби мен Галловей 1958 жылдың мамыр айында Халықаралық Эпизоотикалық бюроның (Париж) сессиясында жасаған баяндамада олар Африка мен Азияда белгілі еуропалық А, О, С типтерінен мүлдем басқа типтерді, соның ішінде Африкалық SATb SAT7, 5АТ3, Азиялық азия типін анықтағанын жариялады.
Спецификалық профилактика және иммунитет
Вирустың белгілі бір түрімен ауырған жануарларда оған иммунитет қалыптасады. Иммунитет ірі қара малда 8-12 айға дейін, шошқаларда 8-10 айға дейін, қойларда 18 айға дейін созылады. Бұзаулар колостралдық иммунитеті жақсы болғанына қарамастан, уыз ішпеген болса, оларда екпе антиденелер болмайды. Бұзауларды пассив қорғау 3 айға дейін сақталады.
Вирус жұқтыру қаупі бар шаруашылықтарда аусылдан имундық профилактика және вирус қоздырғыштарының оянуынан қорғау немесе қолайсыз аймақтар мен аусыл пайда болу қаупі жоғары зоналарға арнайы инактивацияланған вакциналар дайындалды және қолданылады.
Аусыл ауруы мен оның типтерін зерттеу
Аусылдың жер-жерде кезең-кезеңмен пайда болуы (интервал әр төрт-бес жыл сайын) аусыл вирусының көптеген түрлерін зерттеу және Африка мен Азияда жаңа типтерін анықтау жолымен ғылыми түсінідірілуі мүмкін.
Вирустың әрбір ауқымды оянуы жаңа типтің немесе вирустың басқа түрінің пайда болуымен түсіндіріледі. Аусылдың басты ерекшелігі бір сәтте таралуы және жоғары контагиоздығы, бұл жануарларда қарқынды және прогрессивті дамып отырады.
Адам аусыл вирусын тек ауру малдан жұқтырады.
Аусыл ауруын емдеу
Әдетте емдеу рәсімін аусыл вирусының тарау ошағы үлкен елдерде өткізеді. ТМД елдері аумағында аусылдың алғашқы ошағы пайда болса, ауру малдарды емдемейді.
Аурудың алғашқы кезеңдерінде гипериммундық екпе немесе реконвалесценттер қан (екпе) пайдаланған жағдайда күкірт терапиясы рәсімі тиімді.
Жануарлар арасында ауру мен өлімді азайту, сондай-ақ асқынудың алдын алу үшін ауруларға қызмет көрсету жағдайын жақсартады, оларды жиі суарады, диеталық азық (шөп, ұн быламықтары), дезинфекциялайтын ерітінділер немесе тері мен шырыштық қабаттарды өңдеуге арналған жақпа майлар береді. Жүрекке арналған дәрілер мен антибиотиктер қолданылады, сондай-ақ көктамырға глюкоза жіберіледі.
Сакен ТИЛЕМИСОВ,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы.
Leave a Reply