tories/icaijqmr6.jpg» /> Екі одан да көп балалары бар отбасын тыныштықта елестету мүмкін емес. Әйтеуір, олардың арасында талас-тартыс болып тұрады. Баланың ыза-шуынан, күнұзақ бір нәрселерге таласатынынан, алысып-жұлысатынынан,
енді ғана тынышталып келе жатқан кезде қайтадан бөлме іші шуылдап кететінінен… сірә, басыңыз шыр көбелек айналып кететін болар. Мұндай жағдайда бәрін бейбіт, әділ, ашық шешемін деп қанша тырыссаңыз да жүйкеңіз сыр беріп, ашуға бой алдырып қалатыныңыз белгілі. Тіпті балаларыңыздың арасында жүріп, соңында қайсысының дұрыс екенін ажырата алмай қаласыз….
Ендеше мынаны мықтап есіңізге сақтаңыз: егер балаңыздың ертеңіне алаңдайтын жан болсаңыз, онда «бұл маған қиын», «олай істегім келмейді» деген секілді сөздерді ұмытыңыз. Ашуға бой алдырмас бұрын, ұрыстың себебін біліп алыңыз.
Сізге бір құпияны ашайық: негізі балалардың көбісі бір нәрсені бөлісе алмағандықтан қақтығысып қалады. Мәселен, әдемі ойыншыққа, түрлі-түсті қаламға немесе ата-анасының көңіл бөлгеніне…
Олай болса, өзара таласып қалған затты әділ бөлсек, ұрысты біршама азайтамыз деп ойларсыз. Дұрыс. Бірақ, осының өзін орындаудың өзі қалай болады екен…
Мына көріністі көз алдымызға келтірейік. Үй ішінде бәрі өз-өзімен отыр. Мамасы үй шаруасымен айналысып жүр. Апалы-сіңлілі кішкентай қыз бала қуыршақтармен ойнап отыр… Кенет аяқастынан тартысу, соңы жылау! Не болып қалды? Тағы да ойыншыққа таласып қалды ма? Және бұл жағдай бір емес, күніне
бірнеше рет қайталанады. Ал, сіздің жүйкеңіз сірі емес. Әйтеуір, кешке дейін бір жарылады. Ақыр соңында бала сіздің теріс эмоцияныңызды көреді.
Таныс көрініс. Солай ма? Қанекей, беталды балаға айқайлай бергенше, одан тығырықтан дұрыс шығудың жолын іздестіріп көрмейміз бе? Әрі басқаша әдіс қолданатын болсаңыз, жүйкеңіз де босқа шаршамайды.
Бетті дайындаған М.Арапбаева Сурет: керекинфо сайтынан алынды
«Қызмет»
ақпарат
{jcomments on}
Leave a Reply