Түлкібtories/dsc08926.jpg» width=»264″ height=»178″ />ас ауданында қыркүйектің 28-29 күндері Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерейтойына орай «Бұлақтар мен өзендер киелі Түлкібас өңірінен бастау алады» атты тазалық акциясы болып өтті.
Тазалық акциясының мақсаты Түлкібас өңіріндегі бұлақтар мен өзендердің арналарын тазалау, бұлақтардың көзін ашу, ауыл тазалығын сақтау арқылы әрбір елді-мекеннің ажарын ашу, көріктендіру, жастарды туған жердің табиғатын аялауға, қорғауға шақыру -дейді Керейіт елді мекенінің әкімі-Амалев Кенжехан.
Тазалық акциясына 7-10 сынып оқушыларымен қатар мектеп мұғалімдері және денсаулық сақтау, шаруа қожалықтары,ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты апаларымыз да ат салысты. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл тазалық акциясы ата- апаларымыздың да қатысуымен ерекшеленді.
Бір жағы әулиелердің мәңгілік жайы жатқан Қаратау мен Құлан, екінші жағы Талас Алатауы мен аты әлемге танымал Ақсу-Жабағылы қорығының қойнында жатқан Түлкібас өңірінде бүгінде 16 бұлақ пен 15 бастау бар .
Осылайша Түлкібас өңіріндегі өзен көлдер мен бұлақ бастауларының жағасы бір тазаланып қалды. Машат ауылдық округіндегі мектеп директоры Ахметов Жамбылдың айтуы бойынша балаларды тазалыққа үндеу мақсатында тазалық акциясы екі аптада бір рет ұйымдастырылады екен. Қоқысты көбіне демалуға келетін азаматтардың тастап кететінін айтады. Сондай-ақ бұл тазалық акциясына оқушылардың ата анасымен бірге шығуының да бір себебі бар екенін айтты. Осындай жағдайда ата аналар да үлгі өнеге көрсетіп балаларға көшелерді, ауланы, қала берді ауылды таза ұстауды насихаттайтын болады- дейді
Жамбыл Ахметов
Айтпақшы сонымен бірге Есей Баймаханұлы атындағы спорт кешенінің ашылуымен қатар
Сайрам ауданы мен Түлкібас ауданының шекарасындағы белдеме нысанының ашылу салтанатына куә болып қайттық. Белдеме нысанының ашылуына аудан әкімі Қайрат Амангелдиев пен қатар Түлкібас ауданының құрметті азаматтары қатысты.
Аудан әкімі Қайрат Амангелдиев tories/1547888.jpg» width=»256″ height=»175″ />аталмыш нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы негізінде аудан кәсіпкерлерінің тікелей атсалысуымен дүниеге келіп отырғанын жеткізді. Жалпы құны 6,5 млн құраған ауылдағы қақпаның ашылу салтанаты жастар арасында жүгіруден марафоннан басталды. Кейін еліне еңбегі сіңген кәсіпкер азамат Ерлан Ташимовтың иығына шапан жауып, ат мінгізді. Ері елін ойласа елі неге ерін ойламасын.
-«Жеріміздің барлық жері қасиетті. Әрбір елді мекендердегі қадамдар мен сүйемдер ата- баба қанымен суарылған. Қазақта «Табалдырығыңа табын»- деген керемет сөз бар. Бүгін міне ауданымызда үлкен қақпа өмірге келіп, ашылып отыр. Бұл біз үшін үлкен мереке. Ұлы жолдың бойында мереке мерекеге ұласып Шерхан Мұртазаның 80 жыл мерей тойы да өтіп жатыр. Елімізге ынтымақ бірлік енсін. Молшылық құйылсын. Қазақстанның болашағы, көкжиегі кең болсын» деп сөзін түйіндеді Мархабат Байғұт ағамыз.
Осылайша таудағы ағайынның тамаша тындырымды ісіне тамсанып қайттық. Әкім бол қалқыңа жақын бол
-дегенді бала кезімізде көп айтатын көзі қарақты аталарымыз. Түлкібастан бастау алған игі іс бұлақ сынды өзге аудандарға да жетсе екен дейміз.
Нұрлан Әлімбаев
«Қызмет»
ақпарат
Leave a Reply