Шымкент қаласына «Спутник-V» вакцинациясының 1000 дозасы жеткізілді. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіші жоқ адам ғана жіберіледі.
1 ақпан күні басталған екпе жұмыстарын алғаш боп қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырған болатын. Екпе егу жұмыстарын жүргізу қала емханаларының базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылды.
Медицина қызметкерлері үшін вакцинациялау мәселелері жөнінде тренинг семинарлар ұйымдастырылып, алғашқы тәулікте 180 адамға вакцина салынды. Екпеден кейінгі азаматтардың ахуалы жақсы. Ешқандай жанама әсері жоқ-деді медицина қызметкерлері.
Ақбөпе ЕРГЕШ
Leave a Reply