2020-2021 жылдың көктемгі семестрінде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті дәстүрлі білім беру жүйесіне көшеді. Бұл туралы университеттің бірінші проректоры Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлы Шымкент қаласы әкімдігінің коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде хабарлады.
Дамыған технологиялардың күші дәстүрлі білім беру жүйесін айырбастай алмайтыны белгілі. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2020 жылдың 13 тамыздағы №345 және 2020 жылдың 28 желтоқсанындағы №548 бұйрыққа сәйкес дәстүрлі процеске дайындық жүріп жатыр.
Офлайн форматта оқу тек 1 курс суденттері үшін ұйымдастырылған. 2-3 курс студенттері қашықтықтан оқи бермек. Ал, 4 курс студенттерінде теориялық оқу уақыты аяқтталғандықтан, өндірістік тәжірибе мен дипломдық жұмыстарын жазуды онлайн жүйемен жалғастыратын болады.
Сабақ кестесі төмендегі нормаларды сақтай отырып, жүзеге асады:
• 1 курс студенттері үшін сабақтар аралас оқыту форматында жүргізіледі;
• лекциялар бұрынғысынша онлайн түрде өтіледі;
• зертханалық сабақтар офлайн форматта, санитарлық режимге сай, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтай отырып, ұйымдастырылады;
• семинарлық сабақтарды жүргізу кезінде аудиториялардың толтырылуы 40%-дан аспайды. 1 адам 5 шаршы метрді құрайтын әлеуметтік ара-қашықтықты сақтайды. Бұған арнайы дайындық жұмыстары жүргізілген.
Ал, жатахана мәселесі бойынша университет басшылары мен факультет декандарының қатысуымен тікелей эфирде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жатаханалардағы орындарға деген сұраныс анықталып жатыр. Жалпы, сыйымдылығын 50%-ға дейін қамтып, студенттерді орналастыратын болады.
Ақбөпе ЕРГЕШ
Leave a Reply