2024-09-22

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ФЕСТИВАЛЬДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

top: 0px;» dir=»ltr»>tories/001t1.jpg» border=»0″ />

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық Өнер фестивалі рухани астана-Түркістан қаласында өтті.
Аудандағы өнер мерекесі  «Зияратшылар орталығы» ғимараты алдынан ақбоз аттарға мінген өнерлі де, сал сері жігіттердің Түркістан таңбасы бейнеленген тумен фестиваль қонақтарын қарсы алуымен бастау алды. Қазақтың хан,би,сұлтандары, батырлары мен игі жақсыларына арналған Пантеон жанында  ақ кимешекті әжелер шашу шашып,  «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол», дәстүрлі әншілер А.Қоразбаевтың «Елге сәлем» әндерін  орындады.Жас ақын,көркемсөз үйірмесінің қатысушысы, Түркістан қаласындағы №24 жалпы орта мектебінің оқушысы Гүлмарал Тасыбекова «Қазақстан» атты өз өлеңін оқып, қонақтарға құтты қадам тіледі.

tories/001t22.jpg» border=»0″ />
Түркі жұртының киелі мекені қасиетті саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде құран бағыштап, бабалар рухына тағзым еткен мәдениет қызметкерлері  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі және Қолөнер орталығының көрмесімен танысты.

Фестиваль Есімхан алаңында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 5 мәдениет үйі мен 12 клубтың меңгерушілері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ауыл округтарына қарасты киелі жерлер мен географиялық ерекшелігі, шежіресі мен ақын-жазушылары, батагөй қариялары мен қолөнер шеберлері және үйірме жұмыстары, жергілікті жерде мекен ететін өзге ұлт өкілдері мен бірге ұрпақтар сабақтастығын насихаттау бағытында жасалған арнайы стенді көрмелер мен іс-құжаттарын таныстырып, атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

tories/001t3.jpg» border=»0″ />

Сонымен қатар, 480-ге жуық көне жәдігерлер мен қолөнер және қылқалам шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы, Облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығы мен Н.Төреқұлов, С.Ерубаев, Н.Оңдасынов және Балалар мен жасөспірімдер орталығы, Қолөнер орталығы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, ұлттық мәдени орталықтар  мен Славян, Өзбек,  Қарашық ауылдары атсалысса, Абай Рысбаевтың қыштан, Қалдан әжейдің тоқыма, өрнек, қоржын сынды көптеген қолөнер бұйымдары да бар.

Киіз үй жанында ақын Тұрар Тілеулиев пен Ғалымнұр Кәрібайдың айтысы өтсе, Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылдық клубының өнерпаздары күмбірлеген күймен көмкерсе, Жүйнек аулының «Дильшод» халықтық ән-би ансамблі «Ләпәр» орындап ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті.
Сонымен қатар, алаңға Ту көтерген ақбоз атты өнер керуені келіп, Түркі әлемінің қадір-қасиетін көрсетсе, «Құс жолы»,«Жер Ана» билері және флешмоб, цирктік өнер де ұсынылды.
Мәдениет үйі залында жалғасқан концерттік бағдарламада да  көркемсөз, ән, күй, би, хор, вокальды аспапты ансамблі, жанұялық ансамблі және жергілікті сазгерлердің әндері орындалып, шараға 300-ден аса өнерпаз жұмылдырылған.
Шара соңы, баспасөз отырысымен қорытындыланды.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика