1290 медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Садыр мәлімдеді.  
— Медицина қызметкерлерінің жұмысы қауіптілігіне орай үш топқа бөлінді. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 24 қызметкер бар. Олар үшін 8,7 миллион теңге қарастырылған. Екінші санаттағы қалыпты жағдайда еңбек ететін 845 дәрігерлер мен фельдшерге  258,3 миллион теңге бөлінген. Үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайда жұмыс істеп жүрген 421 маманға 51,3 теңге миллион жұмсалды. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ, провизорлық стационар мен Жедел жәрдем жүргізушілері,- деді.

Қала әкімінің орынбасары мұнан бөлек, «Тәуелсіздікке 20 жыл»  елді мекеніндегі блок бекеттер алынатынын айтты. Бірақ, аталмыш елді мекен Шымкент қаласының карантиніне енгізілетінін білдік. Сонымен бірге, әкім орынбасарының журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Түркістан облысынан жағдайы ауыр екі науқастың емделу үшін Шымкент қаласына ауыстырылғанын мәлімдеді. Әрі «Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінде» алғаш ауырған жігіттің аты-жөнін атағандардың істеріне  құзырлы органда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ал әкім орынбасарының дәрігерлердің үстемақысы туралы айтқаны қалада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орындалып жатқанын көрсетеді. Өйткені, Президентіміз мұнан бұрын COVID-19 ауруына байланысты қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқандарға жалақыларынан бөлек үстемақы төлеу жөнінде тапсырма берген болатын.

Брифингте Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. Бекбауова да сөз сөйледі. А.Жақыпқызы өз кезегінде:
— «Тәуелсіздікке  20 жыл» елді мекенінде 3 мың 118 тұрғын бар, оның 1238-і бала. 14 күн карантин барысында олардан коронсвирусқа байланысты дене қызуы тағы басқа белгілерге қатысты өтініштер түспеді. Дәрігерлер тұрғындармен үнемі хабарласып отырған.
Түркістан облысынан әкелінген екі науқас алғашқыда жансақтау бөлімінде апартта жатқан болса, бүгінде екеуінің де жағдайы жақсы, қазіргі таңда аппаратсыз жатыр, —  деп мәлімет берді.

Ал, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ә.Төлебаев емделіп шыққандардан екі рет сынама алынғанын айтты. Енді аурудан айыққан жандарға 15 күн көлемінде қосымша емдеу шаралары жүргізілетінін тілге тиек етті. Е.Төлебаевтың айтуынша, қалада  Тайманов, Алтай, Үш қиян, Жастар көшесіндегі, Сайрам тұрғын алабындағы, Сәуле шағынауданындағы науқас шыққан үйлердің, наркологиялық бөлімнің карантинде екен.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика