«Silkway» Халықаралық университеті — республикамыздағы цифрландыру бағытына ден қойған ЖОО-ның бірі. Соңғы жылдары университет өзінің Smart Hub, IT факультет және заманауи бай технологиялық базасымен ерекшеленуде.
Елімізде орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) алдын алу мақсатында «Silkway» Халықаралық университеті озық сандық білім беру технологияларын қолдана отырып, толығымен қашықтан білім беру жүйесіне көшті. 12 наурыздан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан, тағы басқа алыс-жақын шетелдік студенттерді үйлеріне қайтарған және бүгінгі таңда барлық студентпен электронды байланыс түзілген. Университеттің ИСВУЗ ақпараттық жүйесіне штаттық режимде өткізілетін сабақтардың кестесі ілінген. Кестеге сәйкес, мұғалімдер Zoom платформасы арқылы онлайн сабақ өткізіп, студенттермен кері байланыс орнатып, білім беру жұмысын жүйелі жүзеге асыруда. Шалғайдағы және шетелдегі студенттер үшін swiu.kz, sdoswiu.kz сайттарында видиолекциялар салынып, студенттер үшін қолжетімділікті арттыруда.
Техникалық жабдықтауы жоғары ПОҚ университетке келмей қашықтан дәріс өткізсе, техникалық мүмкіншілігі жоқ оқытушылар және әкімшілік басқару персоналы университетке келіп, университеттің техникалық жабдықтауын пайдаланып дәріс өткізуде. Мұндай дәріске арнайы «Silkway» Халықаралық университетінің 3 корпусында жылдамдығы 100 мб/с болатын интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Р. Арғынбай
SWIU баспасөз маманы
Leave a Reply