2024-09-22

Біздің күшіміз-БІРЛІКТЕ

           Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармация академиясында күні кеше ҚР тілдері күні мерекесіне орай фестиваль өтті. Аталмыш оқу орнында  студенттердің мұндай іс-шараларда бас қосуы дәстүрге айналған. Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі С.Амандықова  кафедра ұжымының  тіл мерекесіне орай өтетін әрбір шараға аса құлшыныспен атсалысып,  академияның бүкіл ұжымын қамтуға тырысатынын айтады.

          Тіл жанашырларының бұл жолы да еңбектері ақталды, мәжіліс залы  түрлі мәдениет пен  тілдің жәрмеңкесіне айналдыда кетті. Студенттердің де, тәлімгерлердің де жүзінде қуаныш нұры ойнайды. Салт-дәстүр туралы қалаған тіліңде түсінік беріп, құрақ ұшады.

          Оқу орнының проректоры М.Анартаева фестивалдің ашылу салтанатында студенттердің жан-жақты, талантты, белсенді екенін мақтанышпен атап өтті.

         -Біздің жастарымыз еліміздің  ең басты байлығы бірлікте екенін жақсы түсінеді, деп қорытындылады ол өз сөзін.

         Мерекелік іс-шарада  түрлі ұлттардың өнері ортаға салынды. Қатысушылар «Жаса Қазақстан» әнін бірге қосылып шырқады.

                                                                                                                                         Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА


Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика