2024-09-23

А.Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапары

ҚР Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Түркістан облысына жұмыс сапары аясында салынып жатқан бірқатар нысанды аралап, жаңа ғимараттар бой көтеретін жерлердің жұмыс жоспарларымен танысты.

tories/0mm.jpg» border=»0″ />

Премьер-Министр Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараттары салынатын алаңдарды және медиа орталықтың, конгресс-холдың, спорт кешенінің құрылыс барысын тексерді.

Сонымен қатар, білім және ғылым саласындағы нысандарға да ат басын бұрды.

А.Мамин тексеруді аяқтаған соң, Түркістан қаласында арнайы кеңес өткізді. Бұл кеңейтілген мәжілісте Премьер-Министр Түркістанды аса дамыған облыс орталығына және үлкен туристік, мәдени, рухани орталыққа айналдыру қажет екенін айтты.

«Қызмет» ақпарат

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика