2024-09-23

Жаңа қызмет

Елімізде жаңа Президент тағайындалуынан өзге де ауыс-түйістер орын алды. Атап айтсақ, ҚР Президентінің Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне, Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне, ал Берік Уәли Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

tories/0mmmmmmm.jpg» border=»0″ />

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 18 наурыздағы Жарлығымен Дархан Сатыбалды Қазақстанның Өзбекстандағы елшісіне, Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов – Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Берік Сақбайұлы Арын – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне, Асқар Ерлікұлы Тәжібаев – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

«Қызмет» ақпарат

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика