Қала мәдениеті ауладан басталады

Шымкент қаласындағы 30 жылдан ауласында балалар алаңшасы болмаған кей көпқабатты үйлердің аулаларына балалар алаңшасын салу қолға алынды. Әл-Фараби ауданының аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының құрылысымен танысқан қала әкімі М.Әйтенов сапаға айрықша мән беруді тапсырды. Мердігер компанияның өкілдеріне тұрғындардың үйінде отырған сәтін ұтымды пайдаланып, құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды жүктеді.

«Есік алдындағы аяқ бүгіп отыратын орындықтар да қирап кеткен еді. Енді міне, есіктің алды жайнап тұр. Бүлдіршіндер тұрмақ, қариялардың қуанышында шек жоқ. Айтар алғысымыз шексіз» деді қала әкімімен жүздескен «Қарасу» шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы Людмила Розанова.

Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың барлығы — отандық. Тіпті ойын алаңшасына төселетін резеңке төсеніштің өзі Шымкентте жасалады екен. Әл-Фараби ауданындағы 672 көпқабатты тұрғын үй алдында 400 аула бар. Оның басым бөлігіне балалар алаңшасы салынған. 161-іне қажеттілік туындаған.

Осыған орай, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында биыл аудан бойынша 100 балалар алаңшасы салынуда. Қалғанының құжаттары қаралуда. Бұған қоса спорт алаңшалары да жөнделмек. Аудан әкімі Ғ.Мәуленқұловтың айтуынша, ауданда 15 гүлзар мен аллея салу жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.

Сапар барысында қала әкімі А.Асқаров көшесіндегі 9-үйдің қазіргі ахуалымен танысты. Тұрғындар өтінішіне құлақ асқан Мұрат Әйтенов сараптама жүргізіп, қажеттілік болса, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жауаптыларға жүктеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика