Үйлену той көйлектері салоны

       Бүгінде пайдалы кәсіптердің бірі осы.Нарықтағы бәсекеге қабілеті бар қызмет. Күнде біреуі пайда болып жатса да өз келушәсән табады. Дүниежүзілік нарықта өзіндік орны бар менеджерлер  «бірден табысқа қол жеткіземін десең әйел адамдар тұтынатын тауар шығар немесе қызмет ұсын» деп кеңес береді. «Неге»деп сұрақ қоюдың өзі артық, бұл айтпаса да түсінікті жәйт. Ал, «Жинағаның тойға шашылсын» деп тілек айтатын біздің қазақстандық нарық жағдайында  «той бизнесінің» айналасында жүргендер ұтыла қоймайды. Егер үйлену той көйлектері салонын ашу ойыңызда жүрсе  біз жасаған есеп-қисап пен кеңестер кәдеңізге жарап қалар деген ойдамыз.

       Әдетте, кез келген үйлену тойы үлкен дайындық жұмыстарын қажет етеді, соның бірі – өміріндегі ең бақытты күні әйел адамның өзін ыңғайлы сезінетін үйлену той көйлегін таңдауы. Әр қалыңдық ерекше әдемі болуды қалайды. Қалыңдық барлық шараларды, әсіресе, той көйлегін алдын ала ойластыруы керек.

        Бүгінгі күні үйлену салондарының бизнесі гүлденуде, сәйкесінше онда көрсетілетін қызмет түрлеріне деген сұраныс та өте жоғары. Қала көшелерінде күннен күнге саны өсіп келе жатқан жас жұбайларды көргенде көптеген кәсіпкер болғысы келетін адамдар үйлену той салондарын ашып, ақша табуды ойлайды, себебі бұл, шынында да– өз бизнесіңді ашудың жақсы бір тәсілі.

         Сонымен жұмысты неден бастаймыз?

    Алдымен орын таңдаймыз. Бұл бизнес үшін салонның қайда орналасқаны аса маңызды. Егер салон адамдар көп жүретін көшеде орналасса, онда болашақ қалыңдықтар оған міндетті түрде кіреді. 

       Салон орналасатын жер шамамен 30 м²-лік болуы керек. Салонның іші мен сырты көздің жауын алатындай тартымды болуы маңызды. Үлкен шыны витриналары бар салондар жай ғана терезесі бар салондарға қарағанда әлдеқайда ұтымды. Көп адамдар ақ түстің бәрі бірдей деп ойлайды. Алайда оның бірнеше реңі бар. Олардың айырмашылығын клиенттер байқап 

көруі үшін жарықтың маңызды екенін ескеру керек.

      Жабдықтар. Салонға тіреуіші бар шыныдан жасалған бірнеше ашық витрина, көйлектер үшін манекендер, киім ауыстыратын жер, айналар, жұмсақ жиһаз бен клиенттерге арналған журнал үстелі қажет. Оған қоса, салонды ерекше сәндеп, көркемдейтін көптеген заттар қолданған дұрыс.

     Технология.  Бұдан кейін салон қандай тауарлар ұсынып, қызметтің нақты қай түрін көрсететінін анықтап алу керек. Мүмкін сіз тек үйлену той көйлектерін жалға берумен және сатумен ғана айналысасыз немесе мұнымен қоса киім тігетін ательелермен келісім-шартқа отырып, көйлектерді тапсырысқа тігу қызметтерін де ұсынасыз.

        Үйлену той бизнесіне қатысты ерекшеліктерді ескеру керек, ерекшеліктің ең маңыздысы  – бизнестің мезгілге байланыстылығы. Үйлену тойлары жылы айларда көп өткізіледі, ал қыста жаз бойы жинаған ақшаны орынды жалға алған үшін жұмсауға тура келеді. Сондықтан салонды мезгіл басында ашқан дұрыс. Ал қыста кештерге арналған түрлі көйлектерді жалға берумен айналысуға болады. Кез келген қыз-келіншек үшін түрлі мерекелерде киетін көйлектің қандай болатыны маңызды. Сондықтан мұндай қызмет түрі жыл бойы табыс әкеледі.

       Ассортиментте түрлі бағадағы, нешетүрлі моделді көйлектер болғаны дұрыс. Олардың тең жартысын қымбат емес көйлектер құрауы шарт. Оларға деген сұраныс өте жоғары. Ал екінші жартысын салонға ерекшелік беріп, қыз-келіншектердің назарын аударатын бағасы орташа және қымбат көйлектер құрағаны жөн.

      Қызметкерлер. Қызметкерлерді таңдауға ерекше мән беру керек. Кеңесшілердің аздап психолог болғандары жөн, олар тек қалыңдықты ғана емес, еріп келген анасы мен құрбыларын да тыңдап, олармен ой бөлісуге міндетті. Ал басшы мен бухгалтер міндетін өзіңіз атқара аласыз. Егер мүмкіндік болып жатса, онда көйлектерді сататын да өзіңіз болған дұрыс.

     Сату. Салон табыс әкелуі үшін жарнама беру керек. Қазіргі кезде жас жұбайлар, яғни жастар керекті ақпаратты алдымен интернеттен іздейді. Сондықтан жарнамаңызды алдымен интернетке қарай бағыттаңыз. Клиенттерді тарту үшін түрлі акциялар ұйымдастырыңыз, жарнамалық парақшаларды тарататын адамдар жалдаңыз. Үйлену тойы журналдарында да өз жарнамаңызды орналастырған тиімді болады. 

       Болжамды есептеулер.

       Шығыстар:
1) орынды жалға алу – 40 м² x 1 100 теңге = 44 000 теңге.
2) айна 2 дана x 8 000 теңге = 16 000 теңге.
3) үйлену той көйлегін сатып алу – 1 көйлек = 40 000 теңге және одан жоғары, бастапқы кезде 10-шақтысын алуға болады, 10 көйлек x 40 000 теңге = 400 000 теңге.

       Барлығы: 460 000 теңге.

       Табыс:

1) Бір үйлену той көйлегін сату – 60 000 теңге не одан жоғары. Айына  3-4  көйлек сатсаңыз x 60 000 теңге = 180 000 теңге.

2) Бір көйлекті жалға беру 10 000 теңге не одан жоғары (екі күнге беріледі). Егер айына 5 көйлекті жалға берсеңіз x 10 000 теңге = 50 000 теңге.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика