Ақша — тиыннан құралады
Сіз тиындап ақша жинап баю мүмкін емес деп ойлайсыз, шынында солай сияқты, бірақ ебін тапсаңыз, милионер болып шығуыңыз ғажап емес!
tories/9L10iSw9ECodLXdFI1ysPVJhfgHEPj.jpg» width=»350″ height=»126″ alt=»9L10iSw9ECodLXdFI1ysPVJhfgHEPj» />
1989 жылы Мобак АҚШ-тың әдеттегі бір университетінде оқитын студент еді. Ол әке-шешесінің мойынындағы тұрмыс ауыртпалығын жеңілдету үшін университетке түскен күннен бастап бір жағынан оқу, бір жағынан өзінің шамасы келетін жұмыстарды тауып, күнін көре бастады. Ол жатақханада тазалықшы болып жұмыс істеді. Бөлмелерді тазалау барысында кейде бұрыштан, кейде төсек астынан ең көп болғанда шаң басқан екі цент немесе бес цент тауып алатын. Бұл темір тиындарды ол бөлмедегі студенттердің өздеріне қайтарып беретін-ді. Олар самарқау түрде: «Темір центті жоғалтқан ешкім жоқ, жанқалтамызды тесіп кетпесін деп біз әдейі лақтыра салғанбыз» дейтін. Бұл сөз оның шамына тиді. Ол дереу АҚШ Қазына министрлігі мен мемлекеттік банкке хат жазып, болған істі егжей-тегжейлі баяндап береді. Бұл істен хабар тапқан қазына минстрлігі тез арада Мобакқа хат жазып: «Әр жылы 31 мил-лиард АҚШ доллары көлеміндегі темір ақша айналымға түседі, бұл қаржының 10 миллиард 500 миллион доллары дәл сіз айтқандай жолмен әр үйдің, әр бөлме мен көше қиылыстарында шашылып жатыр» дегенді айтады. Мұндай жағдайдан хабардар болған Мобак өзінің осы салада жұмыс істеуі керектігін түсініп жетеді. Ол ақыры 1991 жылы университетті бітір-геннен кейін өзінің «Тиын ақша жұлдызы» атты жеке компаниясын құрады, әрі, 9% қызмет көрсету ақысын алып темір ақшаны қағаз ақшаға ауыстыру автоматын ойлап табады. Қысқа ғана бес жыл ішінде тұтас АҚШ-тың 8900 негізгі сауда базарында оның 10800 ақша ауыстыру автоматы жұмыс істейді. Компания жұмысы тіптен дами түсіп, бүкіл әлемнің әр жеріне осындай автоматтар тарата бастады. Міне, осылайша қолында жарты жармағы жоқ Мобак қысқа ғана уақыт ішінде жалпақ жұртқа аты кеңінен танымал болған миллионер болып шыға келді. Адамдар Мобакты «АҚШ тиынымен миллионер болған адам» деп атайтын болды.
Leave a Reply