Үнемшілдік

Үнемшілдік

   Үнемшілдік, яғни үнемдеу. Үнемдеу – біле білсеңіз адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі болып табылады. Үнемдеу тек тарығып жүргендердің әдеті десеңіз, қатты қателесесіз. Үнемшілдік жағдайы жоғары азаматтарға да қажет дүние. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Ол үшін үялудың да, намыстанудың да қажеті жоқ. Шындап кіріссеңіз барлығында үнемдеуге болады. Ең біріншіден, темекі тартатын адамдарды алып көрейікші: темекі шегетін адамдар қазіргі кезде өте көп. Ер адамдардың  90 % — ы темекі тартса, соңғы жылдары әйел адамдарының  біраз бөлігі темекіге әуестеніп кеткен. Орта есеппен алғанда, 1 адам күніне 100 теңгеге темекі алады дейік. Бұл орта есеппен, күніне 300 – 400 теңгесін темекіге жарататындар бар. Ал енді есептейік, орта есеппен бір күнде 100 теңге болса, 1 айда 100х30=3000 теңге болады, ал 1 жылда 3000х12=36000 теңге болады екен. Бұл деген кейбір жандардың айлығы ғой. Оданда, осы  ақшаға  үлкен бір зат сатып алуға болады ғой. Темекі тартқан пайдалы болса мейлі ғой, денсаулыққа өте зиян.  Тағы да 1 ғана жыл шекпейді, көбісі өмірінің соңына дейін темекі тартады. Сонда ойланыңыз, қанша қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр. Аз – аздап шегіп, қаржыны үнемдеңіздер, тастасаңыздар тіпті жақсы. Енді су мәселесіне келейік: жер бетінің 71% — ы судан, ал 29% — ы құрлықтан тұрады. Су өте көп, бірақ 71% судың 1% -ғана ішуге жарамды екен, ал қалғаны жарамсыз. Үйде, жұмыс орындарында, кез – келген жерде, тіпті моншада да суды үнемді пайдаланыңыз. Кранды ашып қойып, сарылдатып ағызып қоюды, себепсіз шашуды,  моншада суды үстіге төңкере салуды әдетке айналдырмаңыз. Керек десеңіз, үйде судың тамшылап тұруына жол бермеңіз. Тамшылап тұрған тамшы бір түнде 40 литр суды ысырап етеді екен. Өзгелер үнемдемейді, мен үнемдегеннен не пайда? – дей көрмеңіз, өзгені қайтесіз. Сусыз өмір сүріп көріңізші, шыдай алар ма екенсіз? Судың да сұрауы бар. Суды үнемді пайдалану есіңізде болсын үлкен сауаптың бірі.

   Электр энергиясы судан, газдан қымбаттау. Осыны үнемдей біліңіз. Үй бөлмесіндегі  жарықты үнемі өшіріп жүріңіз. Электр жүйесіне қосылатын барлық заттарды пайдаланып болған соң суырып жүріңіз. «Қоя берші  соны, қайбір теңге болады дейсің? Ары кетсе, 100 – 200 теңге артық келер»- деп қоя бермеңіз, оданда сол артық келетін 100 – 200 теңгені де үнемдеп үйреніңіз. Елбасы «EXPO 2017 — ге энергия көп қажет, энергия көздерін үнемдеңіздер » — деген болатын. Ендеше неге ел үшін патриот болып көрмеске. Киімді де әркімге бір еліктеп қымбатына жүгіне берудің қажеті жоқ, бастысы киіміңіз өзіңізге адемі, жарасымды болса болғаны және таза болғаны абзал.

   Суды, электр энергиясын, киім – кешегіңізге жұмсалатын қаржыны, ақшаны, ұялы телефоныңызға салатын бірлікті де, тіпті қалтаңыздағы тиын – тебеніңізге дейін үнемдеңіз. Сонда үнемшілдік бір мақсатқа жетелеуі әбден мүмкін.

    www. shieli-meshiti. кz  сайтынан алынған:

   «Кімде-кім үнемшіл болса, Алла тағала оны бай етеді. Кімде-кім ысырапшыл болса Алла тағала оны кедей етеді. Ал, кімде-кім Алла тағаланы зікір етсе оны Алла тағала жақсы көреді»,-деген хадисті риуаят еткен ( Ихия улум әд дин, 3-том, 2079-бет ).

  Міне, байлық қалаған адам үнемшіл болуы керек. Ал, кедейліктен сақтанған адам ысырапшыл болмауы тиіс. Ал, барлығынан ең жақсысы Алла тағаланың сүйікті құлдарының қатарынан болу үшін үнемі Алла тағаланы зікір етіп жүру қажет.
   Қанағат кісіні қадірлі де абыройлы етеді. Ал, ашкөздік кісінің беделін түсіріп,  абыройдан айырады.

        tories/8dfcd013b11723b54622a1e0b4606731.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»8dfcd013b11723b54622a1e0b4606731″ />              tories/b8b9719aaa39086831b133b816db01ec.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»b8b9719aaa39086831b133b816db01ec» />                  

                                                             Жарылқасын Үсентаев «Қызмет» газеті

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика