Балаңызға ұрыссаңыз, ол сізге қарсы тұруы мүмкін. Қайта бойында дөрекі мінезді жоя отырып, балаңыздың көзқарасын өзгертіп, өзіңізбен тіл табысу үшін жылы сөйлесіңіз!
1. Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды көруі керек.
2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақы-мақсың» деген сөзді ешуақытта ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің кеш-ке дейін түк бітірмей жатқаның жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең, біз саған рахмет айтар едік» деген құлақ қағыс айтып қойыңыз.
3. Баланың тентектігін «тентек» сөзбен бетіне басуға болмайды. Дауысыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік және ой тастайтын сөздер айтыңыз.
4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В.Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпағаныңыз жөн.
5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермесе, үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол жақсы қырынан көрінуі мүмкін.
6. Бар нәрсені жасырып, ұл – қызыңызға жоқтан басқаны айтудан сақ болыңыз.
Leave a Reply