Сарымсақ
• Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.
• Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүру қажет.
• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, лейкопластырмен жабыстырып тастаған жөн.
• Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды (черная редька) үккіштен өткізіп алып, бір-бірімен жақсылап араластырып, белге тарту керек. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды.
• Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2-3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жеу керек.ч сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталау керек.
• Тұмаудың алдын алу үшін, ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.
• Көкжөтел кезінде сарымсақтың суын азырақ көлемдегі шошқа майымен араластырып алып, мойынға және кеудеге жаққан пайдалы.
Пияз
• Пияздың балмен араластырылған суы ангинаға жақсы көмектеседі. Ол үшін одан күніне 2-3 рет ішіп отыру керек.
• Жарақат алған жағдайда пияз сол жерді залалсыздандырушы ретінде де қолданады. Пияз, әсіресе суды жақсы тазалайды. Ыдыстағы суға бір түйір пияз салып жіберсе, ол оның жаман дәмін алады.
• Тұмауратып, жөтеліп жүрген кезде пияздың сөлі қақырық түсіруші ретінде де қолданылған.
• Суықтап қалған кезде дәкені пияз сөліне батырып алып, күніне 3-4 рет 10-15 минуттан мұрын қуысына тығып қойса, тұмау тез кетеді.
• Әдетте, кішкентай балалардың бір қатарында аскарида болатыны белгілі. Сондай жағдайда бұрынғылар бір бас пиязды ұсақтап турап алып, бір стакан ыстық суға 10-12 сағат бұқтырып қойып, 3-4 күн бойы аш қарынға ішкізетін болған.
Бір айта кетерлік, бүйрек, бауыр, жүрек ауруы бар дамдардың пиязды абайлап қолданғаны жөн.
Күнбағыс
Күнбағыс күнбағыс, шекілдеуік деген аттармен де белгілі. Шекілдеуіктің тұқымы, қағып алынған табақшасы, гүлі, тамыры, сабағының ішіндегі жұмсақ ақ еті дәріге қолданады.
Жинау және өндіру: толық ашылғанда – гүлін, жемісі піскеннен кейін табақшасын, ақ етін жинап алып кептіреді. Дәмі тәтті, усыз болады.
Ем болатын аурулары: күнбағыстың тамырын суға қайнатып, сумен ауыз шайқаса, тіс қақсағанды, тіс еті қабынғанды басады.
• Жапырағының 12 грамын жаншып, ыстық сумен ішсе, жүректі айнытып құстырады.
• Ыстықтан күн өтіп, бас ауырғанда 20-30 гр. Күнбағыс табақшасы мен шағылған 1 жұмыртқаны 1 шыны суға қайнатып, жарты шыны қалғанда, тамақ артынан күніне 2 рет ішетін.
• Тіс ауырғанда, күнбағыстың бір табақшасы мен алақыт тамырын суға қайнатып, нілі шыққанда, оған тауықтың бір жұмыртқасын жарып салып, пісіріп жейді. Етеккір кірнесіне 30-50 гр. Күнбағыс табақшасын суға қайнатып, қара шекер қосып ішеді. Несеп жолына, бүйрекке тас байлағанда, 90 гр. Күнбағыс сабағының өзегін (сабақ ішіндегі ақ етен) суға қосып қайнатып күніне 1 реттен бір апта бойы ішеді.
• Несептің лайланып келуіне 60 гр. Күнбағыс сабағының өзегі мен 30 гр. Көктамырды суға қайнатып, күніне 1 реттен бірнеше күн ішеді.
• Қуық тұтылғанда 15 гр. Күнбағыс сабағының ақ өзегін суға қайнатып ішеді.
• Көкжөтелге күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып, бұқтырып, тиісті мөлшерде шекер салып ішеді.
• Үлкен және кіші дәрет тоқтап қалғанда, күнбағыстың жас тамырын жаншып, суын шығарып, балмен қосып 15-30 грамнан ішеді.
• Жіңішке ауруға 30 гр. Күнбағыс тамырын суға құйып қайнатып ішеді.
• Жарыққа 30 гр. Күнбағыс тамырын қайнатып, қызыл шекер қосып ішеді.
• Жоғарғы қан қысымы ауруына 30 гр. Кепкен күнбағыс жапырағы мен 30 гр. Сайсағызды суға қайнатып ішеді.
• Қан аралас іш өткенде 30 гр. Күнбағыс тұқымы суға 1 сағат қайнатып, шекер қосып ішеді.
Пайдалану мөлшері: тұқымнан 15-30 гр, қайнатып ішуге (жапырағын) 3-24 гр, ал тамырынан 15-30 гр, күнбағыс сабағының өзегінен 9-15 гр. Құрамында май, белок, кофейн қышқылы және күрделі органикалық заттар бар.{jcomments on}
Leave a Reply