Ұлудан тарайтын ауру

tories/ulitka6.jpg» width=»300″ height=»233″ alt=»ulitka6″ style=»float: right;» />

      Бауыр құрты (Фасциолез) ауруының қоздырушы паразиттері екі түрге бөлінеді: Фасциола гепатика және фасциола гигантика деп аталады. Ауру тарату көздері ауру және ауырып жазылған малдар (фасциолоносители) жұқтыру факторлары батпақты жайылымдағы шөп өскіндері, жайылым аумағы, су көлшіктері, арықшалар, қақ сулары маңынан жаңа орылған шөп т.б. Жаңбырлы жаз күндері ауру кең етек алуы мүмкін.
        Сусыз шөлейт жерлерде Фасциолез ауруы мүлде кездеспейді. Бұл сулы жерлерде болатын ауру. Онымен жиі ауыратын қой, ешкі, мүйізді ірі қара мал, сиректеу болса да жылқы, түйе, қояндар ауырады. Кей кезде адам да ауырады.
        Фасциолез – ауруының қоздырғыш құрттары терматод тобына, яғни сорғыш құрттар тобына жататын жапырақ тәрізді жапалақ құрттар. Бұл паразиттер негізінен бауырдағы өт жолында мекендейді. Бауыр құрылымын зақымдайды. Сондай-ақ қарын асты безінде және басқа ішкі мүшелерде де орналасуы мүмкін.
       Бұл аурудың шөлді жерде болмай, сулы жерде болатын бір қызықты себебі, паразиттердің өсіп жетілуі айналымына ұлулар қатысады. Мал денесінде жетілген паразиттер оның нәжісімен сыртқы ортаға жұмыртқа тастайды. Ол жұмыртқалар міндетті түрде тұщы сулы тоған, көлшік сулы батпақты жерлерде түсуі керек. Яғни мал осындай ақпайтын су көздерінен су ішіп, тезек тастаған кезде жұмыртқаларға қолайлы кезең туылады. Суға түскен жұмыртқалардан екі-үш аптада алғашқы сатыдағы балаң құрттар шығады. Күн жылулығы 15-30 градус аралығында болған жағдайда құрттарға ең қолайлы кезең деп есептелінеді. Құрттар тұщы суда болатын майда ұлулардың ағзасына өтіп орналасады да, ары қарай өсіп, өніп ұлғая бастайды. Бір ұлудан жүздеген, тіпті кейде бір жарым мыңға дейін үшінші сатыдағы балаң құрттар шығуы мүмкін. Олар бірнеше сағат ішінде келесі сатыдағы балаң құрттарға айналып, су жағасында өсетін өсімдіктерге жабысып немесе су бетінде жүзіп жүреді.
        Мал ағзасында фасциолалар үш жылдан бес жылға дейін өмір сүруі мүмкін. Адамның бұл ауруға ұшырау себебі қақ судан, көлшіктерден, тоғаннан, су ішкен жағдайда жаңағыдай балаң құрттарды байқамай жұтып жіберуі мүмкін. 
       Осындай құрттармен залалданған мал ауруының жасырын кезеңі бес, алты аптаға созылады. Кейін ауру белгілері біліне бастайды. Негізінен аурудың өту кезеңдері төрт түрге бөлінеді. Фасциолез ауруы қой мен ешкіде жедел түрде және баяу дамиды. Ал ірі қарада созылмалы болып өтеді. Жедел түрінде малдың ыстығы көтеріледі, ештеңеге тәбеті болмайды. Іші біресе өтеді, біресе қатады. Бірнеше күннен кейін жүйке аурулары сияқты белгілері біліне бастайды. Қан азаю белгілері білініп, мал бірден арықтап кетеді. Баяу дамыған ауру түрінде қабақтарында, тамақ астында, көкірек тұсында күлтілдеген ісік білінеді. Бауырының тұсын басып көргенде, мал ауырсынады. Көздері, ауыз қуысының кілегей қабықтары сарғыш тартады. Мал нашарлап, еттен түсіп арықтап кетеді. Буаз малдар түсік тастауы да мүмкін. 
       Ауру малдарды емдеуге ацемидофен дәрісінің 10 пайыздық ертіндісі, сондай-ақ дертил, гексихол, төрт хлорлы көміртек, битионол дәрілері қолданылады.
       Аурудың алдын алу үшін мал жайылымына құрғақ жерлерді пайдаланып, малды ағынды сумен суару керек.
       Бауыр құрттан өлген малдың бауырын жерге көміп залалсыздандырады.
Ибрайым НАКЫПБЕКОВ,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика