tories/icadmwm8a.jpg» width=»225″ height=»165″ /> Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Моншада да сумен жуынып, оның ыстық буын пайдаланамыз. Сол себепті судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. Біз енді ішетін, жуынатын суымыздың бізге шипасына, қажеттілігіне тоқталайық.
Су не үшін қажет? Ендеше осыған тоқтала кетейік.
1. Су дене температурасын тұрақтандырады
.2. Азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды.
3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
5. Денені жарақаттанудан қорғайды.
6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады
8. Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне
және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың атқаратын міндеті мол.
9. Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру
қажет.
Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.
Қажетті мөлшерде су ішпегенде.
1. Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
2. Қан қоюланады.
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
4. Нәжіс сары түсті болады.
5. Іш қатуына (запор) себеп болады.
Адам ағзасына су жетіспегенде жағдайда,
1. Бас ауырады.
2. Бас айналады.
3. Шаршау, әлсіздік пайда болады.
4. Ойдың тынықтығы бұзылады.
5. Тәбетсіздік туады.
6. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса
ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны жөн.
Бетті дайындаған: Нұрлан ӘЛІМБАЕВ,
«Қызмет» ақпарат
{jcomments on}
Leave a Reply