Көктем айлары да жақындап келеді. Осы орайда бау-бақша күтіміне байланысты бірер кеңес ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Жеміс ағаштары да ауырады осыны еске салғымыз келеді. Жеміс ағаштары ауруларының ішіндегі жұқпалысы бактериалдық күйік ауруы.
Бұл ауру біздің еліміздің бау-бақшаларына да үлкен қауіп төндіреді. Өнім түсімі төмендеп жеміс ағаштары семіп, қурап қалады. Сонымен қатар ауру ағаштарды орнынан алып тазалаудан үлкен экономикалық шығын келеді. Аурудың біздің еліміздің территориясына отырғызу және телу материалдарымен, жемістермен бірге келуі мүмкін. Жеміс ағаштарының күйік ауруы алғаш рет Солтүстік Америка құрылығында анықталған.
Ауру қоздырғышы 150 жылда бүкіл Солтүстік Америкаға таралып қазіргі уақытта әлемнің 40 елі бұл аурумен күресіп жатыр. Ресей Федерациясында Erwinia amylovora бактериясы карантиндік объект болып есептеледі.Үлкен ара қашықтыққа бактериалдық күйік негізінен залалданған екпе ағаштармен таралады. Сонымен қатар жәндіктер, құстар арқылы, жауын – шашын және ауамен таралады. Бактерия қолайлы жағдайда гүл ішінде тез көбейеді де, гүл сағағы арқылы жеміс түйініне, бұтаққа өтеді. Ағаш бұтақтары жаңбырлы уақытта немесе бақ жұмысы кезінде зақымданады. Инфекция жара түрінде бұтақтың сыртқы қаңқасында және ағаш діңгегінде сақталады және зақымдалған орында қыстап шығады. Көктем шыққанда бактериялар белсенді түрге енеді, жарадан экссудат бөлініп шығады және залалдау циклі қайталанады.
tories/367070_listya_listiki_zelenye_zelen_vesna_vetka_derevo_sv_1680x1050_www.GdeFon.ru.jpg» width=»300″ height=»188″ alt=»367070_listya_listiki_zelenye_zelen_vesna_vetka_derevo_sv_1680x1050_www.GdeFon.ru» style=»margin-left: 10px; float: right;» />
Жазда ауа температурасы өте жоғары болғанда аурудың дамуы тоқтайды да, қабық құрғайды, одан кейін сау ұлпадан айырмашылығы білініп тұратын күйіктің орны пайда болады. Тамшы түріндегі экссудат жаңбыр, жел арқылы және қолайлы жағдайда (жоғарғы ауа ылғалдылығы) ағаш жапырағы мен өркендерді үлкен көлемде зақымдайды.
Ауру 100 астам өсімдіктердің түрлерін зақымдайды. Ең көп зақымдалатын өсімдіктердің қатарына раушан гүлділер тұқымдастары жатады: алмұрт, алма, өрік, таңқурай, бүлдірген, раушан, құрма, грек жаңғағы, пираканта, стравезия, хеномелес, мушмула және т.б. Жол жиектері мен қоршау ретінде өсірілетін долана мен қызыл тал ауру сақталатын өсімдіктер.
Ауру белгілерін қалай аңғаруға болады?
Ағаштың барлық жер үсті бөлігі: бүршік, гүл, жапырақ, өркен, бұтақ және діңгек зақымданады. Аурумен зақымдалу гүлдеу кезеңінде басталады, содан өркен және бұтақтарға ауысады. Бүршіктер қараяды және құрғап кетеді, бірақ түспейді. Көктемде гүлдер бірден қарайып, ағашта қалып қояды. Жас бұтақшалар және жапырақтар қараяды, инфекция төмен қарай тез тарала бастайды. Жапырақтар да қараяды, бүкіл вегетация бойында ағашта қалады. Ауру көбінесе піспеген жемістерді де зақымдайды, жапырақ секілді қараяды да, ағашта қалып қояды.
Аурудың алдын қалай алуға болады?
*Жеміс ағаштарының күйігінің негізгі таралу жолы, екпе ағашы және телім материалдары болғандықтан, екпе және телім материалдарын зақымдалған аудандардан басқа аудандарға апаруға тыйым салады.
tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> *Гүлдеу кезеңінің соңынан өнім жинайтын уақытқа дейін, бақтарда үнемі тексеру жүргізу қажет
tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> *Барлық шет елдерден келетін екпе және телім материалдарын, жасырын карантиндік нысандарды анықтау үшін интродукциялық карантиндік телімбақта міндетті түрде тексеруден өткізу қажет.
tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> *Бақтарда аурудың әсерінен екпе ағаштардың қурауы 30% немесе одан жоғары болса, оларды орнынан алып, өртеу қажет. Ағаштар әлсіз залалданған жағдайда, залалданған жерді 20-40 см сау жерлерді қоса кесіп алып, аурудың таралуын тоқтатуға болады. Кесу құралын міндетті түрде 10 %, мыс купоросы ерітіндісімен, 70 % метил спиртімен дезинфекциялау қажет, ағаштың кесілген жерін де 1% мыс купоросы ерітіндісімен немесе эмульсиялы бояумен дезинфекциялау қажет.
tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> *Бақтан 500 метр қашықтыққа дейінгі жердегі жабайы өсіп тұрған долананы және қызыл талды жою қажет.
Ф.Темірбекова
tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қалалық аумақтық инспекциясы бас маман-өсімдіктер карантині инспекторы
Leave a Reply